«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында байқау жариялады.
Оның мақсаты – компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайын дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосуда ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және өндірісте қауіпсіздік саясатын нығайту, Жеңімпаздарды «Қазақмыстың» әрбір қызметкері таңдау құқығына ие болды. Екінші желтоқсан мен тоғызы аралығында 10 номинация бойынша онлайн дауыс беру жүзеге асты. Байқауда бақ сынағандар қатарынан «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік жұмысшы», «Үздік желілік жетекші», «ТҚ саласындағы кәсіпорынның үздік басшысы», «ТҚ және ЕҚ бөлімінің үздік қызметкері», «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік әдіскер», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік бейінді маман», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик», «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік бригадир», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік учаске бастығы», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері» анықталды. Алдағы уақытта үздіктер салтанатты жағдайда марапатталатын болады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.