«Тұтынушыларға тоқтаусыз, тіпті жауапсыз несие беруге нормативтік тұрғыдан тосқауыл қою керек. Оның айтарлықтай әлеуметтік зардабы болуы мүмкін. Азаматтардың қаржылық сауатының төмендігі оларға түрлі несиені жөн-жосықсыз тықпалауға себеп болмауы керек».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты
Жолдауынан.
Таяуда «FitchRatings» халықаралық рейтингтік агенттігі «ВВВ» деңгейінде Қазақстанның ерікті несиелік рейтінгін қуаттады. Болжам – «тұрақты», бұл оның қазыналы қорны мен айтарлықтай ішкі резервін көрсетеді. Несиелік рейтінгті сақтаудың негізі бұрынғысынша елдің қомақты сыртқы резервінде жатыр. Агенттіктің бағалауынша, былтыр Қазақстанның халықаралық резервтері ішкі жалпы өнімінің жартысына (46%) жуықтаған. Бұл несиелі крейтингі салыстырмалы бір топтағы елдердің медиандық көрсеткішінен әлдеқайда артық. Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанда инфляция деңгейі биыл жыл аяғында 7% болады.
Қазір қарыз бен несие алу қалыпты жағдайға айналды. Оған ешкім таңданбайды. Тіпті банктен несие алмаса, «басы ауыратын» танысым бар. «Бірінші несиелік бюро» сараптама орталығының дерегіне қарасақ, қандай жолмен алғанын өзі біледі, 7 миллиондай займшының 1 миллионнан астамында – 2, ал, жарты милиондайында 3 несиеден бар. Соның үштен екісі «несиені қалай қайтарамын?» деп, басы қатып жүрген көрінеді. Қайтарудан таза күдер үзген жеті жүздей несие алушының ісі коллекторлық агенттікке өтіп кеткен.
Ең сорақысы, кепілдікке баспанасын қойып, «сау басқа–сақина» тілеп алғаны да жетерлік. Қазақстанда қалай екенін қайдам, шетелде банктен алынған несие мирас болып қалатынын біржерден оқығаным бар. Түсінікті тілмен айтсам: несие алған адам бақилық болса, оның қарызынан мұрагері құтылады. Әрине, ондай «қарыздан» құдай сақтасын! Ендеше, банке бармас бұрын ептеп ойланайық! Өйткені, несие де – қарыз. Ал, қарызды қайтару – парыз!
Несиенің «ноқтасын» кім, қалай киеді?
Негізі несиені неге алады? Көңілі кеткен нәрсеге қолы жетпеуден! Көрінгенге көз сатудан! Үнемі ақшаның аздығынан! Қысқасы, қарыздың қамытын киюден, берешекке белшеден батудан! Бұл – енді, ерік-жігері осал адамның тірлігі! Көңілге келмесін, бәңгімен (наркоман – авт.) бірдей: соңында соры қайнайтынын біледі, алайда, алдамшы «кайфтан» бас тартаалмайды. Несие алғанда, айналаға шекесінен қарайды. Бір апта! Жарайды, бір ай! Бірақ, бірінші жарнаны төлейтін күн келгенде, бәрі бітеді! «Кайф» кетеді, «кредит» қалады. Сосын несиенің «ноқтасын» қалай кигенін байқамай қалады. Бұл – менің ойым.
Банктегілер былай дейді: жарытымсыз жалақы, жан-жақтан жамыраған жарнама, сұраныстың өсуі несие алуға мәжбүрлейді. Кейбіреу жасы кәмелетке толысымен несие рәсімдеуді ержеткеннің белгісі деп біледі. Ал, «несие рәсімдеу қай кезде қызады?» дегенге келсек, қаржыгерлер айырықша екі ай – қараша мен желтоқсанды атайды: әдетте осы екі айда ірі дүкендер мен сауда желілері жаппай сатуға (распродажа) ден қояды, түрлі жеңілдік ұсынады. Бұл бәсекеден банктер де кенде қалмайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік жұртшылық арасында жүргізген сауалнаманың қортындысына қарасақ, әрбір он қазақстандықтың – тоғызы банктен, қалғаны микро-қаржы мекемесінен несие алады екен. Сұралғандардың үштен бірі несиелік қызметті ұдайы тұтынатын көрінеді. Алғашқы алған несиесін кім, қайда жұмсайды екен? Агенттік осы сауалды жасы 17 мен 65 аралығындағы 7000 адамға қойған. Әрине, алынған жауапты қоғамдағы қалыптасқан жағдайдың нақты көрінісі деп есептеу артықтау шығар, алайда, ақиқаттың ауылынан соншалықты алшақ жатпағаны да анық. Сонымен,..
Жасы 25-ке толмаған қыз-жігіттер алған несиесін негізінен заманауи техника мен электроникаға жұмсаған. Бәлкім, құрбысының алдында «крутой» көрінгісі келген шығар?! Несиені жиі рәсімдейтін 25-45 жастағылар болып шықты. Әрі олар алғашқы несиесін анағұрлым маңызды және қымбат бұйымға жұмсайды екен. Тізімнің басында тұрмыстық техника тұр (47%). Еркін жүріп-тұрғанды қалайтын үштен бір бөлігіне жуығы қолына түскен қомақты қаражатты автокөлік алуға жұмсайтын көрінеді. Банктен несие алуға қолы жеткен әр бес адамның біреуі ипатекаға баспана рәсімдеген. Қалғанының көңіл қалауы саяхаттау болған.
45-65 жастағылар арасында несиені алғаш рәсімдейтіндер қатары шамалы. Бұрын несие алмағандардың басым бөлігі қаржы мекемесінің табалдырығын тоздырғаннан гөрі жиған-тергенімен күн көргенді жөн санайды. Кейбіреуі әлеуметтік төлемақы алады, кейбіреуі қолындағы қоры мен жалақысын үнемдеп жұмсайды. Дегенмен, бірен-саран займға жүгінетіні де кездеседі. Олар алған несиесін негізінен тұрмыстық техникаға, балаларын оқытуға және ден-
саулық саласы қызметінің ақысын төлеуге жұмсайды.
Сауалнамада сарапшылар сұралғандардың жасына қарамай әртүрлі шараға (үйлену тойы, мерейтой жәнет.б.) жұмсалатын қаражатты жеке қарастырған. Сөйтсек, сауалға жауап берген қазақстандықтардың 76%–ы өмірінде құрығанда бір реет қандайда бір елеулі оқиғаны атап өту үшін банктен немесе микроқаржым екемесінен несие алған болып шықты. Елде үйлену тойының 80%-ы несиеге алған ақшаға жасалады екен. Тіпті тұрғын үй, автокөлік немесе тұрмыстық техника үшін несие рәсімдеуге қарсылардың өзі тойға келгенде тоқтай алмайқалатын көрінеді.
Қарызды кешірген қаншалықты қисынды?
Бұрнағы жылы мемлекетб асшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменіне сәйкес әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын жарты миллионнан астам қазақстандықтың кепілдіксіз алынған тұтыну несиесі кешіріліп, ал, 1,2 миллионнан астам адамның айыппұлы мен өсімақысы есептен шығарылғаны белгілі. Бірақ, Президент бұл несиелік кешірім бір жолғы науқан екенін қадап айтты.
Несиелік қарызға кешірім жасағасы нқолданыстағы Заңға өзгерістер енгізіліп, займ берудің шарты қатайтылды. Бұдан былай жұмыссыздарға несие берілмейтін болды. Ал, жұмысы бардың өтінімі қаралғанда табысы ескеріледі, ол отбасы мүшесінің әрқайсысына шаққанда күн көріс минимумынан кем болмауға тиіс. Егер несие алушының жасы кәмелетке толмаған баласы болса, оған жалпы табыстан күн көріс минимумының жартысы мөлшерінде қаражат қалуы керек.
«Адам жетіскеннен қарыз алмайды. Егер 2019 жылы несиесі кешірілгендердің сөзіне құлақ түрсең, олар алдымен достары мен туысқандарына қарызданған, содан кейін ғана банккеб аруға мәжбүр болған. Ал, банктен алған ақшасын бұрынғы қарызынан құтылуға жұмсаған. Ал, ай сайын несиесін төлеуге келгенде тағы тығырыққа тірелген» дейді сарапшы О. Құдайбергенов әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында. «Енді банктен несие алу мүмкіндігінен айрылғандар микроқаржы мекемесі мен онлайн-несиеге жүгінуі мүмкін. Ондағы үстеме өсім өте жоғары – 30-56%» деп, қауіптенеді ол.
Қаржыгерлердің пікірінше, несиелік қарыздың кешірілуі коммерциялық мекеме ретінде банктерге жасалған алабөтен қайырымдылық емес, алынған қарыз қайтарылуға тиіс. «Біз несиенің үстемақысын банктер төмендетуі керек, дегенді жиі естиміз. Алайда, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесінің банк беретін несиеге қатысы жоқ. Ол – жекеменшік қаржы институттарының міндеті емес. Сондықтан, алынған ақша қайтарылуы қажет» дейді, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ирина Кушнарёва.
Несиені қайтаруда халықтың тұрмысы төмен тобы көп қиындыққа кездеседі, сондықтан, соларға арнап үстемеақысы соншалықты жоғары емес арнайы несиелік өнім жасау керек, деп санайды сарапшылар. Бұл жерде мемлекеттің халықта бысының артуын, тауар мен қызмет бағасының қымбаттамауын, тұрмысы төмен топтағы халықты әлеуметтік қорғау сапасын жақсартуды тұрақты назарда ұстауы маңызды. Сондай-ақ, олар үшін несиені қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастырған да артық емес.
Әрине, өмірде бәрі болады. Дегенмен, несиеге дұрыс көзқарас қалыптастырмай, «қабырғаң ашыр бітпес». Демек, шамаңа қарай шашыл!Жұмсағаның тапқаныңа жетпесін, қалтаңда тиын-тебен қалсын. Сонда өзіңді бай болмасаң да, біршама бақуатты сезінесің. Мәселе табыстың көлемінде емес. Жоғары жалақы алса да, жарымай жүрген жеткілікті. Жан-жағыңа қара! Жарымағанның арасынан танысың не жекжатың жолығар. Мен күнде көрем.
Қысқасы, қаражаттан қысылғың келмесе, тапқаныңды жөн-жосықсыз жұмсағанды доғар. Келешек үшін кейбір істі кейінге қалдыруға дағдылан. Қарызға қалмауға қазірден қамдан. Болашақта бақуатты болудың негізін бүгін ойла. Бақуатты адам банкке депозит ашып, «ақшадан ақша жасау» үшін ғана барады. Сосын есеп-шотын үйінд еотырып-ақ ғаламтор арқылы толтырып, үстемесін ұлғайтып, артық-ауыс ақшасын қажет кезінде шытырлатып санап алады.
P.S.
ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы экономикалық талдау және статистика бөлімінің дерегіне жүгінсек, халыққа тұтыну мақсатында банктер берген несие көлемі былтырға қарағанда 7,8% кеміген, ал, алған ипатекалық несие бұрнағы жылмен салыстырғанда айтарлықтай (48,3%) артқан.
Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.