Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Қарсақбай жабылмайды, түлейді!

03.03.2023
- Көкейкесті
0
Қарсақбай жабылмайды, түлейді!
107
БӨЛІСТІ
297
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан түсті металлургиясының қарашаңырағы Қарсақбай металлургия зауыты жабылады деген әңгіме соңғы кезде тез жайылып, бар өмірін өндірісті өлкемен байланыстырған жұртшылық қатты алаңдап қалып еді. Алайда, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев бұған қарама-қарсы жағымды жаңалығымен бөлісті.

Бұл жөнінде сүйінші хабарды «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Ерболат Сатыбалдин жеткізді. Оның айтуынша, Басқарма төрағасының кәсіподақ төрағаларымен кездесуден соң оңаша әңгімеде Нұрахмет Қанатұлы Қарсақбай кенті туралы корпорация басшылығыныңжаңа ұстанымдарымен бөліскен.  Атап айтқанда, ел ішіне жайылған әңгіме басқа да, шын мәніндегі жағдай мүлдем өзге қалыпта. Тәуекелдерді мұқият талдағаннан кейін «Қазақмыс» корпорациясында кентке жаңа өмір сыйлау туралы шешім қабылданған!

Нұрахмет Қанатұл ыҚарсақбай металлургия зауытында өндірілетін өнім көлемін жылына 100 мың тоннаға дейін арттыру жөніндегі жоспарымен бөлісті. «Қазақмыс» кенттегі бөгетті, көпірді, инженерлік және электр желілерін жөндеуді өз мойнына алмақшы. Жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар салу  қарастырылуда.

Ең бастысы, Нұрахмет Қанатұлы техникалық колледждерде және облыста ашылатын Халықаралық университетте оқитын студенттер үшін кентті еңбек айлағына айналдыруды көздеп отыр.  Егер мұнда студенттік қалашық ашылатын болса, кішкентай Қарсақбайдың қалай түлейтінін көз алдыңызға елестете беріңіз, жастар жүрген жер қашанда озық білімге ұмтылудың тірегі емес пе?!

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

– «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Н. Нұриевпен болған кездесу шын мәнінде өте қызықты әрі мазмұнды болды, – дедіЕрболатЖалғасбайұлы бізбен әңгімесінде. – Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын алда дамытудың көптеген, дәлірек айтсақ, бас айналдырар жобалары тұр! Енді бұл жөнінде келесіде айтармыз…

Қуаныш құтты болсын, қарашаңырақ жұрты! Бір кезде қазақтың даңқты перзенті, данышпан ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ашып бергенен байлықты ел игілігіне айналдырып келе жатқан өндірісті өңірдің екінші, жаңа тынысқа ие болар күндері алда деп білейік.

Төлеш АСАНОВ.

Бөлісу43Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру