Сенбі, 7 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қарсақбай агротехникалық колледжі – кәсіби білім мен жұмысшы мамандықтың тірегі

06.06.2025
- Жаңалықтар
0
Қарсақбай агротехникалық колледжі – кәсіби білім мен жұмысшы мамандықтың тірегі
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – осы салаға көрсетілген зор қолдау мен сенімнің айғағы. Бұл бастама аясында елдің түкпір-түкпіріндегі колледждер бәсекеге қабілетті, білікті жұмысшы мамандар даярлауға жаңа серпінмен кірісіп отыр.

Осы орайда ауданымыздағы бірегей кәсіптік білім ошағы – «Қарсақбай агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған бастамаға белсенді үн қосып, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Аталмыш білім ошағы кәсіби білім мен өнегелі тәрбиені ұштастырып, өңір жастарын еңбекке баулуда жап-жақсы жұмыстар атқаруда. Колледжі жастарға заман талабына сай білім беріп, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда.

Кәсіптік білім ошағы Қарсақбай кентінің Сәтбаев көшесінде орналасқан. Білім беру нысаны 6 ғимараттан тұрады: екі қабатты оқу корпусы, пән кабинеттері мен зертханалар, шеберханалар, спортзал, жатақхана, әкімшілік корпус және асхана. Барлық нысандар заманауи талапқа сай жабдықталып, автономды жылыту жүйесіне қосылған. Колледждің оқу-өндірістік инфрақұрылымы мықты: 18 оқу пән кабинеті, 7 зертхана, 4 оқу шеберханасы, 40 орындық асхана, 100 адамдық акт залы, медициналық пункт пен 30 орындық жатақхана студенттер игілігіне берілген. Бүгінде мұнда 86 студент білім алуда. Оларға 21 білікті педагог дәріс береді. Оқу орнының басты ерекшелігі – жастарды ауыл шаруашылығы, көлік жөндеу, есеп және аудит, экология, ветеринария сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытып, тәжірибемен ұштастырып тәрбиелеуі. Қазіргі таңда колледж мына мамандықтар бойынша білім береді: автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; есеп және аудит; ауыл шаруашылығын механикаландыру; ветеринария; экология және табиғатты қорғау қызметі.

Соңғы жылдары колледжде инновациялық технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2023-2024 оқу жылында еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңадан «Ветеринария» және «Экология» мамандықтары ашылып, осы бағытта заманауи зертханалар мен VR/AR технологияларымен жабдықталған оқу кабинеттері құрылды. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығы және үй жануарларының алдын алу» иммерсиялық зертханасы, «Ветеринарлық хирургия» кешені, «Экология негіздері» платформасы мен симуляциялық зертханалар студенттердің кәсіби машығын жетілдіруде маңызды рөл атқаруда. Сонымен қатар техникалық мамандықтарға арналған зертханалар мен көлікке қызмет көрсету пункттері де толықтай жаңғыртылып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Материалдық базаны нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 39 млн теңге қаражатқа жатақхана, оқу корпустары мен асханаға жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыз

Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледжде мазмұнды шаралар мен бастамалар қолға алынды. Атап айтқанда, еңбек ардагерлерімен кездесулер, кәсіби бағдар беру шеберлік сағаттары, «Жұмысшы мамандықтар саябағы» фестивалі, спорттық жарыстар мен салалық шеберлік сайыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл іс-шаралар студенттердің кәсіби мамандықтарға деген қызығушылығын оятып, білімге деген құлшынысын арттыра түсуде. Жақында ғана өткен «WorldSkills Ulytau – 2025» өңірлік чемпионатында колледждің 2-курс студенті Ертіс Әли «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл – оқу орнындағы білім сапасы мен тәжірибе жұмысының нәтижелі екенінің жарқын көрінісі.

Колледжде дуалды оқыту жүйесі тиімді түрде жолға қойылған. Яғни, студенттер теориялық біліммен қатар нақты өндіріс орындарында тәжірибе жинақтайды. Мұндай тәсіл олардың кәсіби ортаға тез бейімделуіне және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді. Колледж көптеген жергілікті мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Еңбек жәрмеңкелері, кәсіби бағдар беру кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 2025– 2026 оқу жылында колледж «Серпін» жобасы аясында 30 студентті, басқа мамандықтар бойынша тағы 50 студентті қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл – колледждің білім сапасына деген сенім мен болашаққа жасалған нақты қадам.

Оқу орнының директоры Досымжан Сұлтанұлы Сәдуақасов бұл бағыттағы жұмыстардың маңызына тоқтала отырып:

– Жұмысшы мамандықтарға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп келеді. Қазір қоғамға нақты еңбек ете алатын, ісіне адал, кәсіби машығы бар мамандар ауадай қажет. Біз Қарсақбай агротехникалық колледжі ретінде жастарға тек білім беріп қана қоймай, оларды өндіріске, еңбекке бейімдеуге, нағыз маман ретінде қалыптастыруға күш салып келеміз. Президентіміз жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» біз үшін үлкен серпін болары сөзсіз. Бұл жыл колледждің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр, – деп атап өтті.

Қорытындылай келе, Қарсақбай агротехникалық колледжі – кәсіби білім беруді заманауи талаптарға бейімдеген, жастарды нақты еңбекке баулитын, жұмысшы мамандықтың беделін көтеруге сүбелі үлес қосып отырған іргелі оқу орны. Бүгінгі білім – ертеңгі еңбек. Ал еңбек – ел болашағы. 2025 жыл – жұмысшы мамандықтардың шынайы бағаланатын, жас ұрпақтың болашаққа сеніммен қадам басатын жылы болмақ.

Ізтай Белгібайұлы.
ҰЛЫТАУ ауданы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру