Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік

Қамқорлық пен ықылас

15.09.2023
- «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
0
Қамқорлық пен ықылас
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістері шоғырланған өңірлердің тұрғындарын әлеуметтік қолдау бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындай отырып, білім күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Бұл жолы «Қазақмыс» Балқаш қаласындағы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті. Металлургтер, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабеловтың жетекшілігімен 45 балаға мектеп формасы мен аяқ киім сыйлады. Ал, 1 қыркүйекте балалар Білім мерекесіне жаңа киіммен келді.

– Біздің мектеп-интернатта 220 оқушы оқиды. Олардың 100-і біздің интернатта тұрақты негізде жатып оқиды. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не қамқорлықтары үшін және металлургтер бізге ерекше ықылас танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мұның сыртында, металлургтер жазғы кезеңде балаларымыз үшін Тораңғы тоғайына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Мектеп пен кәсіпорын арасындағы байланыс болашақта да жалғасады деп ойлаймын, – деді оқу орнының директоры Асхат Талімов.

Қайырымдылық акциясы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС ұйымдастырған маусым айындағы «CUPRUM RUN» марафонының тікелей жалғасы болды. Қатысушылардың жарналарынан жиналған барлық қаражат көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнайы мектеп формасын сатып алуға жұмсалды.

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш өңірінің өміріне де белсенді қатысады. Ағымдағы жылы, қала аумағын көгалдандыру, «Бертіс» шығанағы аймағындағы Балқаш көлінің фаунасын сақтау және жақсарту бойынша науқан жүргізіп, су қоймасына тұқы балықтарын жіберу жұмыстары жүргізілді. Көлдің жағажай аймағында «Таза жағалау» акциясы бірнеше рет өткізілді. Жас шахматшылардың халықаралық және республикалық деңгейдегі турнирлерге қатысуына демеушілік жасалды. Осындай
әлеуметтік жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ләззат СМАҒҰЛОВА.

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру