Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Қаламның қарымын байқатқан байқау

02.11.2023
- Мереке айшықтары
0
Қаламның қарымын байқатқан байқау
88
БӨЛІСТІ
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы Республика күніне орайластырып «Қазақмыс» корпорациясының түрлі өндірістік құрылымдарында еңбек ететін еңбеккерлер арасында тұңғыш рет поэзия, проза жанрында байқау ұйымдастырды.

«Елім, саған арнаймын!» деп аталған шығармашылық байқаудың өтуіне филиалдың атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов пен аймағымызға танымал ақын, республикалық бірнеше жыр байқауларының жеңімпазы Абай Ораз ықпал етті.

Өндірісте жүрсе де қаламын серік еткен азаматтардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған байқауда проза жанры бойынша Шығыс Жезқазған кенішінен Еркін Оралбай бас жүлдені жеңіп алды. Құрылыс-монтаждау басқармасынан Болат Сиқымов бірінші орынның жеңімпазы атанса, екінші орынды Жезқазған мыс қорыту зауытынан Жоламан Мағзұм мен «Жезқазған тарату электр желілері компаниясы» АҚ ұжымынан Досжан Жүрсінов еншіледі. Жезқазған байыту фабрикасының намысын қорғаған үш бірдей еңбеккерге үшінші орынның жүлдесі бұйырды. Олар – Гүлмира Әбдіғожина, Ертіс Бейсен және Қанат Мусин.

Екі аталым бойынша тағайындалған арнайы жүлделер де болды. Ұйымдастырушылар өңірімізде өнер мен мәдениеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында әрбір жүлдеге сол тұлғалардың есімін берді. Поэзия жанрында Сайлаухан Нәкенов атындағы жүлдені Шығыс Жезқазған кенішінен Құрал Байжантаев, Зинаида Чумакова атындағы жүлдені Жезқазған мыс қорыту зауытынан Ернұр Сейдахмет алды. Шынболат Ділдебаев атындағы жүлдемен мыс қорыту зауытының еңбеккері Руслан Әбілов, Кәкімбек Салықов атындағы жүлдемен «Балдырған» бөбекжайынан Торғын Мақажанова марапатталды.

Проза аталымында Жезқазған мыс қорыту зауытының екі бірдей еңбеккерінің шығармасы бәйге алды. Нұрбол Жаңабатыр Базарбай Әлеухан атындағы жүлдені алса, Апбаз Қаражігітов атындағы жүлде Алтынай Алпамысоваға бұйырды.

Қаламдарының қарымын байқатқан қазақмыстық еңбеккерлердің бұл байқауы енді дәстүрлі түрде өтетін болады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру