Қарсақбай һәм ондағы мыс зауыты жайлы әңгіме қозғала қалса, ойымызға бірден Қадыр Мәткенов оралады. Ал, Қадыр аға жайлы айтылса, көз алдымызға қарашаңырақ – Қарсақбай көлбеңдеп келе қалады. Ол заңды да. Өйткені бұл екеуі бір-бірімен еншілес ұғым. Кешегі оңтайландыру жылдарының өзінде Қарсақбайдың қағанағы қарық, сағанағы сарық болуы осы Қадыр Мәткеновтың арқасы. Оны бүгінгі жұрт жырдай етіп айтады…