Өндірістің қай буынында болсын бүгінде дәнекерлеуші мамандығыны жоғары сұранысқа ие. Мамандандырлыған жөндеу-механикалық басқармасында дәнекерлеушілердің кәсіби шеберліктерінеің арқасында «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарындағы кен байыту, металлургиялық жабдықтар өндірісте қажетке жарап тұр.
Кәсіп иелерінің төл мерекелері қарсаңында басқармадағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «jastar Bolashaq»Жастар одағы бірлесіп, дәнекерлеушілер арасында байқау ұйымдастырды. Дәстүрге айналған бұл байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар теориялық білімдерін сынаса, екінші айналымда берілген тапсырма бойынша бөлшектерді дәнекерледі. Элект-газбен бөлшектерді сапалы дәнекерлеудің өз қыр-сыры бар. Сондықтан қатысушылар бұйымдарды әзірлеуде шеберліктерін ортаға салды. Еңбек қауіпсіздігін назарға алған олар әрбір атқарған шаруасында қауіпсіздікті де ұмытпады.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені №2 жөндеу-механикалық телімінен Жандос Аяпберген жеңіп алса, бірінші орынның жүлдесі №4 жөндеу-механикалық телімінен Қалдыбай Елемесов бұйырды. №8 жөндеу-механикалық телімінен Жеңіс Жолдыбаев екінші орынды еншіледі. №5 механикалық дайындау телімінен Абылайхан Әлмағанбетовке үшінші орын бұйырды.
Байқауда бақ сынағандарға арнайы номинациялар тағайындалды. №5 механикалық дайындау телімінен қатысқан Данияр Закария «Жас қатысушы» атанса, №2 жөндеу-механикалық телімінен Анатолий Зинченко «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясының иегері атанды.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан Құрмет грамотасымен және ақшалай марапатталды.