Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Президенттің бастамалары елдің келешекке деген сенімін нығайтты

10.01.2025
- Қоғам
0
Президенттің бастамалары елдің келешекке деген сенімін нығайтты
122
БӨЛІСТІ
339
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аna tili» газетіне берген сұхбаты елге үлкен ой салды. Оны көпшіліктің өзара пікірінен айқын аңғаруға болады. «Сұхбат барысында Президентіміз өткен 2024 жылдың қорытындысын шығарып, елдің сыртқы және ішкі саясатындағы негізгі оқиғалар туралы айтып, Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымына қатысты негізгі ойларды бағалады. Мемлекет басшысының осындай бағдарламалық сөз сөйлеуі біз үшін, Қазақстанның әлеуметтік белсенді азаматтары үшін қажет екенін атап өткен жөн», деген сөздері соның айқын айғағы. Төменде біз оқырмандарымыздың осы орайдағы орамды ойларын жариялап отырмыз.

 Келешегіміз білімді жастардың қолында

Мемлекет басшысының сұхбатында елдің мүддесіне қатысты көптеген мәселе айтылған. Әсіресе мемлекетіміздің алдында тұрған бүгінгі ең негізгі мәселе — елдің егемендігін нығайту. Өйткені, егемендік – ата-бабаларымыз үшін де, болашақ үшін де негізгі құндылық.

Ал егемендік нығаюы үшін оның әр адамы күшті болу керектігі тарихта айтылған. Ойшылдарымыз күштілік деп кісілікті айтқан. Қалған мәселелер осы қасиет арқылы реттеліп, қоғамның игілігіне айналып отырады. Мемлекет басшысы да сұхбатта осы мәселеге ерекше назар аударады. Ғылым, экономика дамуы үшін бәсекеге қабілетті адамдардың көп болуы маңызды. Ең бастысы, жыраулардың, билердің мұраларында айтылғандай, атақ, бас пайдаң үшін емес, ел үшін жұмыс істеу керек, заң бұзушылыққа жол берілмеуге тиіс. Абай, Алаш зиялылары айтқандай, даңғойлықты, ысырапшылдықты уақыт көтермейді. Әр іске байыппен қарап, ақылға салатын орта, соны үлгі ететін адамдар қатары қоғамда көбірек болуға тиіс. Бірлік, кісілік, білім күшті болғанда ғана кез келген қиындықты елдің жеңе алатынын тарихтан да, бүгінгі уақыттан да көріп отырмыз.

Мемлекеттің, ұлттың болашағы – ұрпақ, яғни жастар. Елдің ертеңі ұрпаққа тікелей қатысты. Мемлекет басшысының мына бір сөздерін қоғам болып түгелдей ескерген жөн деп есептеймін. «Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні….бір ғана тілегім, ақыл кеңесім бар. Жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын..» – деді Президент Қосым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сұхбатынан түйген ойымыз көп. Соның ішінде негізгісін айтар болсам, қазір ұрпақтың жақсы білім алып өсуіне мүмкіндік көп. Мемлекеттің стратегиялық саясаты ұлттың болашағына қатысты түйткілді мәселелерді күні бұрын зерделеп, дұрыс шешуге бағыталған. Осы саясатты, қабылданып жатқан реформалардың дұрыс іске асуына қоғам болып атсалысуымыз, қолдауымыз керек. Жастардың дұрыс білім алуына, мемлекет азаматы ретінде қалыптасуына ел болып жұмылған дұрыс.

Тұрсынбек Мәкішев, Қазақстанның Еңбек Ері, кенші.

Бөлісу49Твитерге31

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру