Былтырғы жылы «КәсіпҚорған» кәсіподағы жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар жүргізді.
Салалық кәсіподақ өнеркәсіп және құрылыс, энергетика министрліктерімен 3 салалық келісім жасасты. Биыл Көлік және Денсаулық сақтау министрліктерімен осындай келісім жасасуды жоспарланған. Компаниялар мен кәсіпорындар деңгейінде барлығы 34 Ұжымдық шарт жасалды. 2023 жылдың соңында «Қазминералс Бозшакөл» ЖШС мен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС басшылығымен келіссөздер аяқталды және қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен қолданыстағы ұжымдық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. «КәсіпҚорған», оның құрылымдық бөлімшелері, кәсіподақ комитеттері шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүзеге асуда. Жұмыс берушілермен бірлесіп барлық кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құрылды, олардың құрамына еңбекті қорғау жөніндегі 246 техникалық инспектор жіберілді. Олар ішкі бақылаумен бірлесіп жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Бірақ, өкінішке орай, 2023 жылы бірнеше адам өліміне жол берілді. Биыл еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жаңа деңгейге көтеріп, оң нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда. Кәсіподақтың жергілікті филиал төрағалары мен орынбасарлары бұл жұмысты ерекше бақылауға алуы қажет.
Кәсіптік ұйымның басты міндеттерінің бірі – еңбек жағдайларын жақсартуды, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етуді бақылау болып табылады. Осыған байланысты кәсіподақ жұмыс берушілермен де тығыз жұмыс атқарады
Былтыр «Қазақмыс» тобы бойынша жалақы 7%-ға дейін өсті, жалақының өсуі аутсорсинг кәсіпорындарында да байқалады. Кәсіподақтар мен олардың белсенділері жұмыс берушілердің тиісті қызметтерімен бірлесіп, өндірістік тұрмыстық нысандардың жұмысына және еңбеккерлердің сапалы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы осы мақсаттарға барлығы 1 млрд.139 млн. 811 мың 276 теңге жұмсалды, оның ішінде 261 705 692 теңге шипажайларға жолдамалар сатып алуға, демеушілік көмек пен қайырымдылыққа – 195 026 439 теңге, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларға, кәсіби байқаулар өткізуге, мерейтой иелерін құрметтеуге – 683 079 145 млн. теңге.
Сондай-ақ жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыскерлерді өнімді еңбекке ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, 2023 жылы «Қазақмыс Холдингі», «Алтын Алмас» АҚ , «Қаз Минералс» компаниясы, «Қазақалтын» АҚ 427 қызметкері және аутсорсингтік компаниялардағы «КәсіпҚорған» салалық кәсіподақ мүшелері түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Жыл сайын «Кенші даңқы», «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің толық иегерлерінің саны артып келеді. Өткен жылы ғана 5 қызметкер «Құрметті кенші», 1 қызметкер «Құрметті металлург» атағын алды. Энергетика министрлігі алғаш рет осы саланың екі маманына «Құрметті энергетик» атағына ұсынса, біреуін «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен және төртеуін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады.
Кәсіподақ мүшелерін экология, көлік және т. б. министрліктердің салалық төсбелгілерімен марапаттауға қол жеткізу жоспарлануда.
Мамыр айында «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС жанындағы «Кәсіподақтар мектебі» оқыту орталығымен бірлесіп, кәсіподақ қызметкерлеріне «Келісім және татуластыру комиссиясы» тақырыбы бойынша екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Еңбек даулары бойынша сот практикасының өзекті мәселелері, қазіргі заманғы өндірістік кеңес, тиімді көшбасшылық тақырыптары кеңінен қамтылды. Алғаш рет «Қорғау» салалық көмір кәсіподағымен бірлескен семинар-тренинг және тәжірибе алмасу өткізілді.
Сондай-ақ, жыл бойы кәсіподақ қызметкерлері арасында Сервистік өндірістер кешенінің кәсіподақ ұйымы «КәсіпҚорған» кәсіподағы филиалы, Қарағанды, Балқаш, Шығыс Қазақстан және Жезқазған қалаларындағы филиалдарда тәжірибе алмасу жүргізілді. Оның барысында филиалдардың тәжірибелері, жұмыс әдістері зерттелді.
Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ жүргізіп жатқан жұмыстар, іс-шаралар, қаржылық қызметтің жай-күйі туралы уақтылы хабардар етілмейді, соның салдарынан «КәсіпҚорған» кәсіптік ұйымдарының қызметі және ішінара адамдардың кәсіподақтан кетуі туралы келіспеушіліктер туындайды.
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір шахтасында көптеген адам шығынына ұшыраған ірі апаттарға дейін өңірдің басқа кәсіподақтарымен бірлесіп, ҚР Президентіне ұсыныс жіберген болатынбыз. Онда зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін шахтерлердің, металлургтердің және басқа да қызметкерлердің еңбек сіңірген демалысына ерте шығуын қайта қарау жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш жолданды. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар үшін жеңілдік жағдайларымен зейнеткерлік жасының төмендеуі қарастырылған болатын: ерлер үшін – 15 жыл және әйелдер үшін – 12 жыл. ҚР Мәжілісі зейнеткерлік жасын төмендетудің орнына зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге өтемақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін тағы бір заң қабылдады, ол осы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Төлемнің шарттары мен мөлшері жарияланып, түсіндіріледі. Бірақ бұл төлемдер бар мәселелерді толығымен шешпейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі 938-бабының 6-тармағының және 944-бабының 1-тармағының бұрынғы редакциясын жоғалған табысты ұлғайту және зиянды өтеуді ұлғайту мәселелері бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 944-баптың 1-тармағына енгізілген өзгерістер («регрессия» бойынша барлық төлемдердің тоқтатылуы – зейнеткерлік жасқа жеткенде өндірісте еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша) еңбекке жарамсыз азаматтардың жағдайына материалдық және моральдық әсер етеді. Өндірістің зиянды факторларына байланысты денсаулыққа келтірілген зиян өмір бойы есептелетінін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін олар бұл төлемдерден айырылады, болжам бойынша, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін қалпына келтіру сәті келеді. Сондай-ақ, жойылған 938-баптың 6-тармағын қайтару қажет (индекстеуді төлеу және жұмысшылар еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан сол кәсіптер бойынша орташа жалақыға сәйкес регрессиялық төлемдерді арттыру).
Қазір кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша төлемдерді ұлғайту болжамды жылдық инфляцияға сәйкес, инфляцияның нақты деңгейіне сәйкес келмейтін 4-тен 8%-ға дейін жүргізіледі.
Осыған байланысты маусым айында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Ұлытау және Қарағанды облыстарынан депутаттары Е. Сатыбалдин мен А. Қалықовтың қолдауымен Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының тау-кен металлургия, көмір салаларының салалық кәсіподақтарының өкілдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерімен осы өзекті мәселелер бойынша кездесті.
Осы нормалардың өзгеруі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету үшін Ұлытау облысының еңбекке қабілетсіз деп танылған азаматтарымен (регресниктер) үнемі жұмыс кездесулері өткізіледі. Сонымен қатар, болашақта «Кәсіподақтар туралы» заңды талқылау және өзгерту жөніндегі жұмыс комиссиясының жұмысына қатысатын боламыз. Кәсіподақ қызметкерлері өз мүшелігіндегі еңбеккерлердің құқығын қорғау, әлеуметтік қолдаудан бөлек, оның психологиялық-моральдық жағдайын да зерттеп, зерделей білуі керек. Осыны негізге ала отырып, кәсіподақ ұйымы «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» басшылығымен елімізде кәсіподақ оқу орындарын құру мәселесін көтеріп, жоғары оқу орындарында жоғары білікті кәсіподақ кадрларын даярлау үшін мамандық енгізу, кәсіподақ қозғалысын дамытудың күнделікті және стратегиялық мәселелерін талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық платформалар қалыптастыруға уағдаластық. Осылайша, мамандықтар қатарына кәсіподақ қызметкері сынды мамандықты қосу көзделіп отыр.
2024 жылы кәсіподақ түрлі іс-шараларға қанық болуға уәде береді. Бір сөзбен айтқанда, кәсіподақтың алдында үлкен міндеттер тұр. Кәсіподақтағы кадрлар алдағы жұмыстарын заңнамаға, кәсіподақ Жарғысына сәйкес жалғастырады және өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді шешеді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.