Жұма, 9 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Өнерлі өрен

20.03.2026
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Өнерлі өрен
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз да өз мәресіне жетті. Биыл Рамазан айы сәтбаевтықтар үшін ерекше болды. Қаламыздың кешкі аспанында бір ай бойы Балмағамбет Балқыбайұлы мешіті мұнарасынан шыққан жас қаридың қоңыраудай сыңғырлаған әсем дауысын көпшілік ұмыта қоймас, сірә.

Биылғы Рамазан айының тарауық намазын жүргізу жас қари Нұртілеу Серікұлына бұйырған екен. Нұртілеу 13 жаста, 6-сынып оқушысы. Сәтбаев қаласында туған, қазір ата-анасымен Астана қаласында тұрады.

Қари деп Құран Кәрімді бастан-аяқ жатқа білетін, оны талаптарына сай мәнерлеп оқитын адам десек, сол талаптар Нұртілеудің бойына толығымен дарыған екен. Әкесі Серік Сейітқасымұлы кішкентайынан құран жаттауға баулыған. Нұртілеу 8 жасында құранды толық жатқа білген. Ол республикалық құран жарыстарының 10 пара және 20 пара бойынша жарыстарының жеңімпазы. Жас қаридың атасы Сейітқасым Қаражанұлы қарашаңырақ Қарсақбайдан екен, қазір Сәтбаев қаласында тұрады.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Сейтқасым ақсақал баласы Серік екеуі күнделікті тарауық намазына қатысып жамағатпен бірге сапта тұрады. Сүйікті немересінің дауысын тыңдап сапта тұру ақсақал үшін үлкен мәртебе, зор қуыныш екені айтпаса да түсінікті. Нұртілеудің әпкесі мен ағасы да қарилықтан құр алақан емес екен. Отбасымен өнер дамыған жанұяға қандай мақтау айтсақ та артық емес. Қадыр түні қарсаңында Б. Балқыбайұлы мешітінің Бас имамы Еркебұлан Ермекұлы мешіт атынан жиналған жамағат алдында Сейітқасым ақсақалға, баласы Серік Сейітқасымұлына және бір ай бойы мешіт жамағатын құранмен ұйытқан жас өрен Нұртілеу қариға иықтарына шапан жауып сый-сияпат жасады.

Жерлесіміз жас дарын Нұртілеу қариды Алла тіл-көзден аман етсін, шығар биігі, алар асуы көп болсын дейміз.

Жәми тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы
Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    935 бөлісті
    Бөлісу 374 Твитерге 234
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1679 бөлісті
    Бөлісу 672 Твитерге 420
  • Бас тартудың мәнісі

    252 бөлісті
    Бөлісу 101 Твитерге 63
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    330 бөлісті
    Бөлісу 132 Твитерге 83
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру