Кен өндіру, байыту және металлургия саласымен біте қайнасып, оның өзегіне айналған кәсіптер бар. Бір қарағанда олардың атқарған шаруалары көзге көрінбеуі мүмкін. Өндіріс ошақтарындағы құрылыс жүргізу, механизмдерді жөндеу сынды бағыттарда қыруар жұмыстар жүзеге асады.
Осы міндетті абыроймен атқарып отырғандардың қатарында мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына қарасты № 8 телімнің еңбеккерлері де бар. Олар «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өңірдегі өндіріс ошақтарында сапалы қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда аталмыш еңбек ұжымы Жезқазған кен байыту фабрикасының № 2 ұнтақтау корпусындағы еселі еңбекке өз үлестерін қосуда.
Суретте: телімнің бір топ еңбеккері.