Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өндіріске шырай берген арулар

11.03.2022
- Жаңалықтар
0
Өндіріске шырай берген арулар
91
БӨЛІСТІ
253
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Баршамызды жанға жайлы жылылығымен, еркелей ескен самалымен қуантып, Табиғат ананы түрлентетін, бел-белес, қыр-қыратты құлпыртатын көктемді адамзатбаласы асыға күтеді, сағына қарсы алады. Өйткені, көгілдір көктем жылы шырайлы, нәзік жанды аруларымыздың, мейірім төккен аналарымыздың мерекесін қанатына ілестіріп ала келеді. Осы атаулы мерекеде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не қарасты Жезқазған мыс қорыту зауытында еңбек ететін қыз-келіншектерге деген құрмет мүлде арта түседі.

Зауыттың түрлі құрылымдарынан мерекелік шараға келген арулардың жарқын жүздерінен қуаныш сезіледі. Ерлермен қатар иық тірестіріп, өндірісте тер төгіп жүрген қыз-келіншектердің құшағы гүлге толды. Төл мереке иелерін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нүриев құттықтады.

– Әлемнің бар сұлулығын бойына жиып, ибалылық пен инабаттылықтың, көркем мінездің жаршысындай болған асыл аналар, аяулы апа-қарындастар, құрбылар, Сіздердің өндірісті ауырсынбай ер азаматтармен қатар еңбек етулеріңіздің өзі бір ерлік. Сіздер отбасында бесік тербеткен ардақты жан болсаңыздар, жұмыста еңбекқорлықтарыңыз бен кәсіпке деген адалдықтарыңызды танытып жүрсіздер. Мыңдаған қыз-келіншектің бұл еңбегін корпорация басшылығы үнемі ескереді. Көктемнің шуақты күніндей жадырап, еңбекте табысқа жетіңіздер, – дей келіп, Нұрахмет Нүриев бір топ аруға Жезқазған қаласы әкімініңі және «Қазақмыс» Холдинг Директорлар кеңесі төрағасының Құрметграмотасы мен ақшалай сыйақы табыстады.

Нәзік жандарға «Аманат» партиясы «Қазақмыс» копорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов ақжарма тілегін арнап, партияның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқан он қызметкерді Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапаттады. Ұжымның көркіне көрік қосқан нәзік жандардың еңбегіне Жезқазған мыс қорытузауытының директоры Дүйсенғали Байғуатов алғыс білдіріп, бір топ еңбек озатына сый-сияпат табыстады.

Тау-кен металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков салтанатты жиында сөз алып, аруларға деген жылы лебізін арнады.

– Қазақстан қоғамында әйелдер – ең алдымен, аяулыана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер халқымыздың ежелден әйелзатын ардақтай білгенінің айғағы, – дей келіп, бір топ өндіріс аруына «Кәсіп Қорған» кәсіподағы төрағасы Ерболат Сатыбалдиннің Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйақысын табыс етті.

Салтанатты шараның төрінен орын алған нәзікжандарды «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағының өкілдері де құттықтап, алғыстарын білдірді.

Өндіріске шырай берген арулардың жанын жадыратқан жиынды өнерпаздар ән мен әрлеп, күймен көмкерді.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу36Твитерге23

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру