Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Өндіріске қуат болған

08.02.2024
- «Қазақмыс» құрылымдарында, Мұқаба
0
Өндіріске қуат болған
89
БӨЛІСТІ
248
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрамындағы құю-механикалық  зауыты – осы төңіректегі кәсіпорындардың өндіріске қажетті жабдықтарды дайындайтын бірден-бір құрылым.

Металл балқымасынан әзірленетін түрлі бөлшектер сапалы әрі үдеріске төзімді болуы жолында мұнда бірнеше цех жұмыс істейді. Осы кәсіпорынды жылумен, сумен жабдықтау және шаң сүзу цехының алар орны айрықша. Сәкен Қалиев басшылық жасайтын аталған цехта 37 адам еңбек етеді. Олардың негізгі міндеттері – зауытты жылу энергиясымен қамту және аспирациялық желдету жүйелерін жөндеу. Сонымен қатар, зауыттың пештерін мазутпен және цехтарды ацетелен газымен қамтамасыз етеді. Цехтағы негізгі мамандық иелерін слесарь-жөндеушілер, дәнекерлеушілер мен сорғы машинистері, генераторшылар құрайды.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша цех өндірістік қауіпсіздік саясатында жетістікке жетті. Жарақат алудың нөлдік деңгейін қалыптастырды. Еңбек қауіпсіздігі бойынша ұжымның шебері Ербол Базылов «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бойынша өткен байқауда «Ең үздік желілік жетекші» аталымында үшінші орынға ие болды.

Үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, слесарь-жөндеуші
Мәди Қызыров, слесарь-жөндеуші, өндіріс озаты Ерлан Өтетілеуов, сорғы машинисі, «Еңбек табысы» төсбелгісінің иегері Галина Валитова, генераторшы Любовь Цибань, сорғы машинисі Майнура Курвансупеева – жастардың тәлімгерлері. Аға буынның ізін жалғастырып келе жатқан жас мамандар Дастан Бөлекбаев, Иген Қалибеков, Нұржан Әбдіров, Тілек Елеусізовтің талаптары оң.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Ұжым өндірісті өркендету жолында тер төгіп қана қоймай, зауытта өтетін қоғамдық-мәдени шараларға да белсенді атсалысып келеді. «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті ұйымдастырған спорттық шараларда топ жарып жүр. 2023 жылы цехтың командасы шағын футболдан бірінші орын иеленді. Мұндай додаларда алған жүлделердің қоры ұжымда аз емес.

Тұтас бір өндіріске қуат болған цех еңбеккерлерінің биылғы жылы алға қойған мақсаттары да ауқымды. Бастысы – қауіпсіз еңбек етіп, табысқа жету.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру