ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлытауоблысында жұмыс сапарымен болып, мысты шаһардың кәсіпорындарын аралап, облыс тұрғындарымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті.
Әлібек Қуантыров алдымен жылына 200 мың тоннаға дейін катод мысын өндіріп отырған Жезқазған мыс зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс орны 1972 жылы пайдалануға берілген алып өндіріс ошағы бүгінде 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.Орташа жалақы мөлшері – 518 мың теңге. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі электролиз цехының жұмысмен танысты.
Түпкі өнімнің тұсауы кесіліп, саф алтындай сары мыс алынатын тұс –электролиздеу цехы. Мұнда шақпақ мыстың сапасын арттыруға бағытталған электролит температурасын реттейтін және оның құрамындағы активті затты бақылайтын автоматы желі өндіріске енгізілген.
Мыс зауытынан соң министр өңір кәсіпкерлерінің ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін тыңдады. Жаңа облыста министрдің назарын қажет ететін мәселелер аз емес. Алғашболыпсұраққойған «Тильман» ОДО басшысы Виктор Тильман мемлекеттен келіп түсетін тапсырыс қаржысының 40 пайызға қысқарғанын, бұл Отбасылық денсаулық орталығының қаржы жағдайын төмендетіп, жұмыстың алға басуына кедергі болып отырғанын жеткізді.
Жаңаарқа ауданында «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен асыл тұқымды іріқара мал алған 5 шаруаға, араға 5 жыл салып қосымша құнсалығы төленсін деген құжат келген. 4 айдан бері есеп-шоттары бұғаттаулы тұрған кәсіпкерлер министрдің араласуын сұрады. Бұған қоса, ұлытаулық бизнес қауымы салық мөлшерін азайту, субсидиялық талаптарды жеңілдету секілді тілектерін жолдады. БұлмәселелерҮкімет деңгейінде қарастырылады деп сендірді министр.
– Кәсіпкерлер бүгін авиа рейстерді субсидиялау, жаңа маршруттарды ашумен қатар салық мәселелерін де көтерді, – деді министр. – Агро өнеркәсіпте де көптеген мәселелер бар.Ұлытау облысына мемлекет басшысы ерекше назар аударады. Ал бізөзкезегімізде осы облыстың әлеуметтік экономикалық жағын көтеру үшін жұмыс жасайтын боламыз.
Сонымен, министрдің хабарлауынша, мемлекет тарапынан ірі кәсіпорындармен қоса шағын және орта бизнеске ерекше қолдау көрсетілмек. ОлүшінжаңаоблысқаҮкімет резервінен қажетті қаражаттар да бөлініп жатыр. Бұған қоса, қосымша төлемдер мен салықтардың бір бөлігін өңірлерге беру жоспарланып отыр. Алдағы жылдары облыстағы шағын қала статусындағы Сәтбаев пен Қаражалдың экономикасын әлдендіруге басымдылық берілмек. Ол үшін қазірҮкімет деңгейінде инвесторлар іздестірілуде.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.