Балқаш мыс қорыту зауытындағы металлургиялық пештерді жөндеу ұжымының үшінші санатты кран жүргізушісі, 22 жылын осы салаға арнаған Светлана Сергеевна Темешеваға осы бір теңеу бекер айтылмаса керек. Заты нәзік болса да Светлана Темешова батыл әрекеттерімен көзге түсіп жүр.
Ол 1977 жылы 23 ақпанда Жезқазған облысы Ақадыр поселкесінде дүниеге келген. Ата-анасының жұмыс бабына байланысты Балқаш қаласына қоныс аударған. 1984 жылы №5 Дзержинский атындағы мектепті тәмамдаған соң 1992 кран жүргізушісі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылыбітіріп шығады. Сол жылы шілде айында жөндеу, механикаландыру зауытына жұмысқа орналасады. Ол жерде 5 жыл еңбек етіп, мамандығының қыр-сырына қанығып, ұшталған соң, 2000 жылы алып зауытқа, оның ішінде металлургиялық пештерді жөндеу ұжымына жұмысқа тұрды. Мамандығына қызығушылықпен қарайтын қайнаған пештің жанында жүрген Светланаға жауапты іс жүктеледі. Аса қуатты температурада қайнаған мыс балқыту пеші қысымға шыдас бермей, опырыла құлайды. Құлаған пешті қалайтын оттөзімдеушілерге қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, ауыр жүктерді беру кран жүргізушісінің негізгі міндеті. Металлургиялық пештерді жөндеу ұжымында, ұзындығы 9 қабатты үймен қатарлас, салмағы 5 тонна кранды басқарған Светлана Сергеевна № 5 ауысымда еңбек етеді. Еңбектері еленіп бірнеше мақтау қағаздары және де мықты кран жүргізушісі деген атағы тағы бар.
– Жұмыстың жеңілі жоқ, бірақ металлургияда тер төккендердің еңбектерін ерекше бағалаймын. Өндірісте батылдық пен өз ісіңе деген жауапкершілік маңызды. Басты ұстаным – қауіпсіздік. Оны ескермей болмайды, – дейді Светлана. С. Темешова «КәсіпҚорған» кәсіподағының белсенді мүшесі. Ол кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылатын түрлі шараларда көзге түсіп жүр. Цехтағы кәсіподақтың төрағасы БіржанСмаховтың айтуынша, кейіпкеріміз өндірісте де қоғамдық өмірде де озаттардың қатарында.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.