Еңбек ұжымдарымен кездесулер қорытындысында еңбек ұжымдарында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс берушімен одан әрі тұрақты жұмыс істеу мақсатында әр кәсіпорын өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
2023 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директоры Олег Копытовтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Компанияның Ұлытау облысындағы кәсіпорындарының жұмыс тобының және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, онда бұрын еңбек ұжымдары ұсынған мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Сонымен, ағымдағы жағдай мен бұрын бұған дейін көтерілген мәселелерді орындау немесе одан әрі пысықтау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді, оның ішінде еңбекақы, ерікті медициналық сақтандыру, тау-кен техникасына техникалық қызмет көрсету, қосалқы бөлшектерді сатып алу, жұмысқа қабылдау, ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу және басқа да мәселелер бар.
Бұл кездесулердің мақсаты – тұрақты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында туындайтын проблемалық және қызметкерлерді толғандыратын мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерді жедел қарау және олар туралы хабардар ету үшін жұмыс тобының мүшелері атынан олардың өкілдері арқылы кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, еңбек ұжымдарының мүшелерімен тұрақты кері байланысты жүзеге асыру.
Айта кету керек, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кездесуді ұйымдастыру және сұрақтар жинау бойынша өте үлкен жұмыс жүргізді.
Бұл кездесулер тоқсан сайын тұрақты өткізілетін болады және тек Жезқазған өңірі бойынша ғана емес, Балқаш және Қарағанды өңірлері бойынша да өткізілмек. Осыған байланысты енді еңбек ұжымдарының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын тиісті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арқылы жолдай алады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.