Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Мыс балқымасының бастауындағы ардагер

05.08.2024
- Мерей
0
Мыс балқымасының бастауындағы ардагер

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қанша уақыт өтсе де мыс бұлағының бастауында болып, ерен еңбек үлгісін көрсеткендердің есімі ұмытылмайды. Аға балқытушылар КСРО-ның Құрметті металлургі Сұлтан Елемесов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Смағзұм Салқауов, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жамбыл Ыбыраев, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аға конверторшы Оразалы Мейрамов, КСРО-ның Құрметті металлургі, электролизші Николай Чензе, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, аспалы кран машинисі Таисия Мамаева сынды ондаған өндіріс өрендерінің есімдері Жезқазған мыс зауытының шежіресінде алтын әріппен жазылған. Осы топжарғандар тобынан қазірде жасы тоқсанға таянған Оразалы МЕЙРАМОВ ақсақал ғана ортамызда жүр.

Оразалы ағамыз 1935 жылы Өзбекстанның Мырзашөл ауданында туған. «Құжат бойынша осылай жазылып кеткен, ал шындығында мен 1934 жылы туғам» деген еді даңқты металлургпен бір әңгімелескенімізде. Олай болса Орекең ақсақалды биыл тоқсанның төріне қадам басып отыр деп айтуымызға болады. Еңбек жолын Шыршық қаласындағы «Чирчиксельмаш» жұмысшы болып бастаған. Әке-шешелері өзбек жеріне ашаршылық заманының зобалаңы кезінде барған ғой. Орекеңнің елге келгеннен кейінгі еңбек жолы түсті металлургияның қарашаңырағы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жалғасты. Мұнда 1958 жылдан бастап 1975 жылға дейін табан аудармай еңбек етті. Алғашқыда мыс қалыптаушы болған еді, кейіннен от-жалын шарпыған, мыс балқымасы алынатын негізгі цехта шыңдалды. Майталман металлургтердің тәжірибесін үйрене жүріп өзі де оң қанаттағы озаттар қатарынан орын алды. Жезқазғанда жаңа мыс зауыты бой көтергенде Қарсақбайдағы металлургтер шоғыры осылай қарай ауыса бастады.

Қарсақбай мен Жезқазған – екеуі егіз ұғым. От ойнатып, мыс балқытқан металлургтер әулетінің барлығы қарашаңырақ Қарсақбайдан шыққандар мен солардың ізбасарлары. Қазіргі мыс өндірісінде солардың ұрпақтары еңбек етуде. Жезқазған мыс қорыту зауытының бірінші кезегі 1971 жылы іске қосылып, 23 ақпанда тұңғыш мыс балқымасы алынғаны белгілі. Ал, осыдан тура екі жылдан кейін 1973 жылы 21 ақпанда электр пеші іске қосылып, бірінші штейн конверторға құйылды. Негізінде, Жезқазған мыс қорыту зауыты Қазақстан түсті металлургиясы алыптарының қатарында саналады. Құрамында штейнге бай кремнийлі мыс концентратын электр қуатымен балқытуға негізделген зауыттың технологиясын кезінде «Гипротүстімет» ғылыми-зерттеу институты жобалап, оның құрылысына Кеңес одағының түсті металға қатысты көптеген ғылыми ұйымдары мен кәсіпорындары атсалысқан болатын. «Қарсақбайдан келгендер осы күрделі мыс балқыту үдерісін алып кете алар ма екен» деген күдік білдірушілер де болыпты сол кезде. Қарсақбай зауытында Мұзафар Жүсіпов, Қозыкен Жанпейісов, Еркөз Елеукенов сынды атақты металлургтер болған. Солардың мектебінен тәлім алған балқытушылар жаңа технологияны да жатсынбады. Оразалы Мейрамов, Қойшыбек Доспанов, Смағзұм мен Тағанбай Салқауовтар және басқа да мыс өндірісінің өрендері Қарсақбайда қалыптасып, жаңа зауытқа ауысқанда өндірістік көрсеткіштерін еселеп Жезқазғанның даңқын арттырды.

Жезқазған мыс зауытында 1975 жылдан бастап аға конверторшы болып еңбек еткен Оразалы Мейрамов озат металлургтер көшін бастай жүріп айтарлықтай жоғары марапаттарға ие болды. Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. КСРО-ның Құрметті металлургі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Құрмет-қошеметпен зейнетке шықты.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Қазір әке жолын балалары мен немерелері жалғастырып, «Қазақмыс» корпорациясының мыс өндірісінде «Мейрамовтар әулеті» кеңінен танымал болды. Жалпы еңбек өтілі 447 жылды құрайтын Мейрамовтардың әулеті металлургтердің үш ұрпағын қамтиды. Оның бастауында, әрине, даңқты металлург Оразалы ақсақалдың өзі тұр. Бүгінде еңбекпен есейіп, өсіп-өнген балаларынан тараған 22 немере, 15 шөбересі бар. Орекең осыған шүкіршілік етеді. Үйде отырғанмен заман ағымын бағамдай білетін ардагер металлург ел байлығының ертеңін ойлап, ғасырға жуық уақыт бұрын Қарсақбайдан бастау алған мыс балқымасының отты қазаны ортаймаса екен деп тілейді.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру