Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы өз мүшелігіндегі еңбеккерлерге арнап тың жобаны қолға алған болатын. «KasipQorgan АРР» деп аталатын жаңа мобильдік қосымшаның мүмкіндігі мол.
Қолыңыздағы ұялы телефон арқылы кәсіподақ ұйымы көрсететін барлық қызмет түрін жеңілдікпен қолдана аласыз. Жаттығу залына, бассейнге, денсаулықты оңалту орталықтарына бұрын арнайы абонемент арқылы баруға мәжбүр болған болсаңыз, енді осы қызметтерді заманауи құрылғы арқылы ала аласыз.
Ойын-сауық, денсаулық, білім, сауда, медициналық орталықтар мен шипажайлардың, автокөлік қызметтерін осы қосымшадан таба аласыз. Ол үшін сізге Плеймаркет жүйесі арқылы «KasipQorgan АРР» қосымшасын жүктеп алып, тіркелу қажет. Еске сала кетейік, бұл қосымша тек «КәсіпҚорған» кәсіподағында мүшелікте тұрған азаматтарға қол жетімді. Таңдаған қалаңыз бойынша қажетті қызмет түрін таңдасаңыз, ұйым атынан жеңілдіктер де қарастырылған. Мүмкіндігі мол қосымшадағы қызметтерді үйден шықпай-ақ пайдаланыңыз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.