Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Топжарған

Миллионер металлургтер

14.01.2022
- Топжарған
0
Миллионер металлургтер
102
БӨЛІСТІ
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024

Сиыр жылын қорытындылар сәтте «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытында салтанатты жағдайда жылдық жоспарды орындауда табысқа кенелген майталмандар марапатталды.

Өндіріс озаттарын ұлықтау жиынында Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Дүйсенғали Байғуатов сөз алып, металлургтердің ерен еңбегінің арқасында тұтас ел экономикасы дамып отырғандығын алға тартты.
– Біздің зауыт ұжымы үшін 2021 жыл табысты болды деп айтуға толық негіз бар. Жоспарды орындаумен қатар, өндірістік қауіпсіздік саясатын нығайтуда да біршама жетістікке қол жеткіздік. Жарты ғасырлық тарихы бар өндіріс ошағында өз ісін жетік меңгерген майталмандар барда мыс бұлағы толассыз болмақ, – деді ол.
Жылдық жоспарды орындауда жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен зауыттың үш жұмыскері «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығының арнайы сыйақысына ие болды. 2018 жылдан бері тағайындалып келе жатқан сыйақыға 2021 жылы қол жеткізгендердің қатарында күкірт қышқылы цехының шаң-тозаң ұстау қондырғысының операторы Ерғали Әбдірахманов, көлік цехы тиеу техникасының жүргізушісі Серік Жамбетов пен шихта дайындау цехының күйдірушісі Дәулет Нысамбаев бар. Сөйтіп олар миллионер металлург атанды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан майталмандарға 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен Кубок табысталды.
Түсті металлургия саласына қосқан қомақты үлесі үшін арнайы тағайындалған сыйақыны иеленгендердің бірі – Серік Жамбетов. Серік Арысбекұлы зауытқа 1989 жылы жұмысқа орналасқан. Көлік цехында 32 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Серік «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС деңгейінде өзінің еңбегінің бағаланғанына дән риза.
– Адамды еңбегінің жемісін көру зор қуанышқа бөлейді. Бір ұжымда табан аудармастан жасаған жұмысыма цех, зауыт басшылығы оң бағаларын беріп жатыр. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нүриевке қарапайым еңбек адамын қолдап, ынталандырудағы ниетіне алғысымды білдіремін, – деді Серік Жамбетов.
Серік тәжірибелі маман ғана емес ол сонымен қатар, бірнеше жасты кәсібіне баулыған тәлімгер-ұстаз. Оның мектебінде шыңдалған мамандар бүгінде өз ұжымдарының мақтаныштарына айналды.

Бағдат Қазкенов

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру