Уақыт кондоминиум нысанын жаңаша басқаруды алға қойып отыр. Осы орайда пәтериелері кооперативтерінің (ПИК) орнына мүлік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) құру жөніндегі науқанның басталғанына үш жылдан асып, төртінші жылға ұласып келеді. Үлкен қалаларды қайдам, Жезқазған сияқты моноқалаларда тұрғын үйлерді басқару жөніндегі бұл реформа әлі тиянақты тұғырын тапты дей алмаймыз. Жақында республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де белсенді талқыланып жатыр. МИБ институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілген жоқ. Біз МИБ реформасы бойынша қатты қателестік. Мұндай жағдайда халыққа сапалы және ашық қызмет көрсету – басты міндет орындалмай отыр», – деді. Осы сөзден кейін тұрғындар аса құлшыныспен қабылдай қоймаған МИБ-кекөшугеқатыстыҮкімет тарапынан бір шұғыл шешім болатын шығар деп ойлаған едік. Алайда, әзірш ебасқалай бір өзгерістің шеті көрінбейтін сияқты.
ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы негізінде пәтериелері кооперативтерінің қолданысы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылуға тиісболатын. Олардың орнына жай серіктестіктер (ЖС) мен мүлікиелерінің бірлестіктері (МИБ) келуге тиістін. Өйткені, көп қабатты үйлердің проблемаларын шешіп, мұқтаждарын өтеуде ПИК-тер өзін өзі ақтамай, көпшіліктің көңілінен шыға қоймады. Құбыр жарылса, жертөледегі жүйелерде ақау шықса жауапты адамдар орнынан табылмайды, кооперативке кіретін бірнеше үйлердің барлығын ұстауға бір ғана шот ашуы пәтериелерінің ақшаны қалай жұмсауына бақылауға мүмкіндік бермеді деген сыңайдағы реніштер көп айтылатын. ПИК-ке қатысты осындай көңіл толмаушылық ақырында тұрғын үй шаруашылығын басқарудың басқа жолын іздеугем әжбүр етті. Енді оның орнына мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестік (ЖС) дұрыс деген таңдаужасалды.
МИБ – бұл бір көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтер иелері ғана құратын коммерциялық емес нысандағы заңды тұлға. ЖС – азаматтық шарт негізінде үйге ортақ мүліктерді барлық меншік иелерімен үйді бірлесіп басқару және күтіп ұстау. Жоғары жақтағылардың пайымдауынша, бұл жүйе тұрғындар төлеген қаражатының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді деп үміттенуде. ПИК-тің бір шоты болғанымен, үйлері көп болғаны белгілі. Ал, МИБ-те әр үйдің өз шоты болады. Қаражат тек бір үйдің қажетіне жұмсалады және оны тұрғынүйиелері де, жергіліктібилік те қадағалайалады. Жаңа құрылымға көшу барысында алдымен тұрғындар жиналысын өткізу керек. Үйиелері құрамынан кем дегенде үш адамнан тұратын 3 жыл мерзімге кеңес сайланады. Негізгі жұмыспен айналысатын төраға анықталады. Содан кейін жарғыны бекітіп, ХҚКО-на МИБ-тітіркеу туралы құжаттар тапсырылады. Онда МИБ құру туралы жиналыстың хаттамасы, әртұрғын үйиелерінің оған өтуді қалаған өтініші, төрағаны таңдау туралы шешімі және бірлестіктің үлгілік жарғысы ұсынылады. ЖС құру үшін тұрғындардың 100 % келісімі қажет. Ол заңды тұлға болып табылады. Жарғыны Әділет органы мен ХҚКО-да тіркеудің қажеті жоқ. Бірақ, жергілікті атқарушы органдарда тіркеу есебіне тұрады.
Бүгінгі таңдаЖезқазған қаласында 657 көп қабатты үй бар. Осыныңішінде 486 үй бойынша МИБ құрылуы керек екен. Есепті мерзімде 13 үй бойынша МИБ тіркеліп, жұмыс істеп жатқан көрінеді. Әрине, бұл жаңаша басқару құрылымына көшу бағытындағы жұмыстың басталғанына үш-төрт жыл болғанын ескерсек, өте төменгі көрсеткіш. Осы орайда «Жезқазған қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Алиса Сағымбаевамен пікірлескен едік.
– Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерде кондоминиум нысанын басқару үшін мына үш құрылымның біріне көшу міндеті алға қойылып отыр. Мәселен, 16 пәтерге дейінгі үйлерде тікелей өзін-өзі басқару болса, 16-дан 30 пәтерге дейінгі үйлерде жай серіктестік құрылады, ал, 30 пәтерден артық көп пәтерлі үйлерде басқарудың МИБ түрін таңдауға тиісті. Бұл жөніндегі қаулы биылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді. Өткен жылы тұрғын үйді басқарудың жаңа құрылымына көшу бір жылға дейін шегерілгені белгілі. Ендігі уақытта шегінетін жер жоқ. ЖС бойынша меншік иелері кондоминиум нысанынб асқару және ортақ меншікті ұстауға еңбек жарналары арқылы қатыса алады. Күрделі жөндеу жүргізу үшін пәтериелері пайдалы алаңның 1 шаршы метріне 0,005 еселенген АЕК мөлшерінде қаражат жинауға міндетті. Пәтериелері МИБ немесе ЖС құру кезінде бір үйден жиналған қаржы тек сол үйдің қажеттіліктеріне жұмсалатынын түсінуі керек, – дейді тұрғын үй инспекциясының басшысы.
Сонымен, Мемлекет басшысы сынға алған тұғын үйді басқаруға қатысты реформа өз мәресіне жетуге санаулы уақыт ғана қалыпты. Биылғы 1 шілдеге дейін көп пәтерлі тұрғын үйдің иелері жоғарыда айтылған басқару нысандарының бірін таңдап, бір үйге бір шот ашуы керек. Бұдан былай бұрын әрі-сәрі күйде болған ПИК құрылымы мүлдем болмайды. Онымен қоштасқаннан кейінгі жағдайымыз қалай болар екен. Жертөледегі құбыр желілерінің жай-күйінен басқа, тұрғын үйлердің сыртқы түрі, аулаларының санитарлық талапқа сәйкестігі, көгалдандыру, балаларойын алаңдарының болуы сияқты абаттандыруға қатысты ақсап тұрған қаншама проблемалар бар.
Тұрғын үй қорын тиімді басқарады деп сенім артып отырған жаңа құрылымдар кезінде осы мәселелер оңтайлы шешіле ме? Әлі де тұрғындар көңілінде түйткілд ісұрақ көп. Нәтижесін уақыт төреші көрсетер.
Амандық РАХҰЛЫ.