Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

03.08.2025
- Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Фото: akorda.kz

77
БӨЛІСТІ
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.

– Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын, – деді Президент.

Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

– Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы, халықтар арасындағы алтын көпір әрі көптеген жағдайда әділ мәмілегер екенін көрсетіп келеді. Бұған осыдан ондаған жыл бұрын ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім негіз қалады. Бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін өнегелі іс болды. Өркениеттердің қақтығысы туралы сөз қозғалғанда, Қазақстан өз тәжірибесі арқылы түрлі діндер және мәдениет өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық орнату мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл Сіздің бастамаларыңыздан анық байқалады. Сіздер әрдайым әлемді ауызбіршілік пен бауырластыққа үндеп келесіздер, – деді Бас хатшы.

Кездесуде БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің перспективасы, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

https://www.akorda.kz

Таңбалар: Антониу ГутерришБҰҰҚасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу31Твитерге19

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру