«Нұрқазған» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов өндіріс үшін аса маңызды мамандық саналатын механиктерді кәсіби мерекеде ұлықтады.
Механик мамандығы жетіқат жер астындағы механизмдер үшін сұранысқа ие. Кен өндіру ісінің тұрақты жүзеге асуында айрықша мәнге ие сала мамандарына мерекелік лебізін арнаған Айбын Сәтбекұлы бірқатар үздіктерді «КәсіпҚорған» кәсіподағы атынан марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

