Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаудан Ұлытауға алғашқы пойыз келді

05.04.2026
- Жаңалықтар
0
Маңғыстаудан Ұлытауға алғашқы пойыз келді
78
БӨЛІСТІ
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тарихи сәт! Ақтау қаласынан жолға шыққан пойыз бүгін алғаш рет Жезқазған қаласының вокзалына белгіленген уақытында келіп тоқтады. Бұл – өңірлер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін маңызды оқиға.

Жаңа теміржол бағыты Ұлытау облысының үш ірі стансасын қамтиды: Жаңаарқа ауданының Атасу кенті, Жезқазған қаласы және Ұлытау ауданының Қоскөл ауылы. Осылайша, тұрғындардың қатынау мүмкіндігі едәуір жеңілдеп, сапар уақыты мен шығыны қысқара түспек.

Тасымалдаушы «Ulytau Express» ЖШС директорының орынбасары Марғұлан Атамбаевтың айтуынша, пойыз вагондары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жолаушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купелер қарастырылған. Сонымен қатар, сапар жайлылығын арттыратын қызметтер мен ыңғайлы пакеттер ұсынылады

Жолаушылар да жаңа бағыттың іске қосылғанына ерекше қуанышты.

Үміт Бурабаева:
«Бұл күнді он жылдан астам уақыт күттім. Билет бағасы да өте қолжетімді – небәрі 12 мың теңге. Бұрын бірнеше рет ауысып мінуге тура келетін, соның салдарынан уақыт та, қаражат та көп кететін. Енді бәрі әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болды», – дейді.

Айта кетейік, Қарағанды–Маңғыстау бағытындағы пойыз қозғалысы 1 сәуірден бастап іске қосылды. Жезқазғаннан Ақтауға дейінгі жол жүру уақыты шамамен 29 сағатты құрайды.

Бөлісу31Твитерге20

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру