Дүйсенбі, 2 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Майталмандарға – марапат

08.03.2025
- Өндіріс және өмір
0
Майталмандарға – марапат
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған өңіріндегі өндірістік нысандарда күрделі жүйелерді жөндеуде тәжірибелі де кәсіби мамандар біріккен мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасында бірнеше телімнің жұмысы жолға қойылған.

Шахталар мен фабрика, зауыттардағы телімдердегі жұмысшылардың әрқайсының еңбек жағдайын, әлеуметтік мәселелерінің дер кезінде шешілуіне ықпал етіп жүрген «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Серік Алтынбеков білікті мамандарды ұлықтауды ұмытқан емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттап, өз саласында табысқа қол жеткізіп жүрген кәсіби мамандарды кеңінен дәріптеуге үндеген болатын. Жақында Серік Советұлы басқармаға қарасты № 4, 8 телімдерде болып, аталған ұжымдарда өндірістің үздіксіз жүруіне атсалысып жүрген екі азаматқа марапат тапсырды.

№ 4 телімде слесарь-жөндеуші болып еңбек ететін Арман Әлімбетов пен №8 телімнің мастері Арал Балабиевті мерейлі жастарымен құттықтап, кәсіподақтың еңбек адамдарына арнайы тағайындаған «Еңбек озаты» төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Арман Әлімбетовтің бұл телімде еңбек еткеніне 20 жыл болыпты. Телім басшылығының оң бағасына ие болған кәсіби маман өз шаруашылығына мығым.

– Күрделі жөндеу-механикалық жұмыстарын атқарамыз. Берілген тапсырмалардың қай-қайсын болсын уақытында аяқтап, жоспарды орындаймыз. Қарапайым еңбек адамын ұлықтап жатқан кәсіподақ комитеті мен басқарма басшылығына алғысым шексіз, – деді Арман Әлімбетов.

Арал Балабиевтің саладағы тәжірибесі 8 жыл болған. Ол телімдегі жұмыстардың жүйелі жүруіне, қауіпсіздік шараларының басты назарға алынуына жауапты. Мастер ретінде атқарған шаруалары тиянақты.

– «Жұмысшы мамандықтар жылында» мәртебемізді көтеріп, марапаттап жатқан басшылыққа, кәсіподақ ұйымына ризашылығымды білдіремін. Кәсіпорындардағы жабдықтар мен механизмдерді жөндеу жұмысына жауапты біздің телімнің жігіттері үнемі алдыңғы қатарда. Осындай ұжымда еңбек етіп жүргенімді мақтан етемін, – деді Арал Фатихұлы.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру