«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытындағы мысты электролиздеу цехына биыл 70 жыл толды. 1952 жылы іске қосылған цех бүгінгі таңға дейін үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Мұнда металлургия мамандығының майталмандары еңбек көрігін қыздырып, табысты тасқындатуда.
Суретте: өндіріс озаттары (солдан-оңға қарай) Қанат Баданов, Нұрзат Жұман, Руслан Әбішев, Ертай Насырқожанов, Қуандық Жақсылықұлы, Дінислам Түсіпбаев, Сайран Биғазы, Думан Тұтқабаев.