Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп биыл үшінші мәрте «Қазақмыс» еңбеккерлері арасында жазғы спартакиада ұйымдастырды.
Салауатты өмір салтын серік еткен жандар қос тараптың түрлі спорттық сайыстарына белсене атасылып, жеңімпаз атануда. Өткен демалыстарда спорттың ерекше түрі – пауэрлифтингке қызығушылар өзара бақ сынасты. Ерлер 80 келі және одан жоғары салмақ дәрежесі бойынша күштерін байқатты.
Аталмыш ойын түріне нәзік жандар да қатысты. Олар өздерін тек еңбекте ғана епті еместігін көрсетіп, спортта да сергек екендіктерін аңғартты. Ойынның нәтижесінде әйелдер арасынан үшінші орынды «Сәтбаев қаласы жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-нен Гүлнұр Дүйсембекова қанжығасына байласа, екінші орынды жылу, энергетика кәсіпорнынан Мария Бучацкая еншіледі. Ал, Жезқазған мыс қорыту зауытынан қатысқан Анастасия Джалилова бірінші орынды жеңіп алды.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалынан Рүстем Әбдімбеков алса, Жезқазған мыс қорыту зауытынан Аман Жақаев екінші орынның жүлдесіне ие болды. Бұл салмақта Сәтбаев қаласы жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС еңбеккері Еділ Бірімжанов жеңіпмаз атанды.
80 келіден жоғары салмақта үшінші орынды «ҚазақмысМэйнтенансСервисиз» ЖШС еңбеккері Рустам Арманшин алса, екінші орынды жылу, энергетика кәсіпорнынан Илья Московкин еншіледі. «ҚазақмысМэйнтенансСервисиз» ЖШС ұжымының намысын қорғаған Александр Цой бірінші орынға лайық деп танылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.