Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Күй керуені – Жезқазғанда

02.11.2023
- Руханият
0
Күй керуені – Жезқазғанда
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс орталығында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің бірлесе қолға алуымен «Ақсақ құлан» Кетбұқа би атындағы ІІ халықаралық күйшілер конкурсы өтті.

Үлкен дода алдында байқауға қатысушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кетбұқа би мұрасын насихаттау және көне күйлерді жаңғырту мен жаңа есімдерді анықтау мақсатында өтіп отырған байқаудың бәсі жоғары екендігі сөзсіз. Еліміздің тарихында айқын із қалдырған тұлғаның күйшілік қыры бір төбе. Алты алашқа «Ақсақ құлан» күйімен аты жайылған баба есімін иеленген күйшілер сайысының жауапкершілігі де сондықтан тым жоғары. «Қазақтың Кетбұқасы» ҚБ төрағасы Төлеген Бүкіров байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен ғана емес, алыс-жақын шетеледерден де келген қатысушыларға сәттілік тіледі.  Шәміл Әбілтай, Секен Тұрысбеков, Жанғали Жүзбай сынды қазақ күй өнерінің бүгінгі көшін бастап жүрген танымал күйшілер осынай дүбірлі доданы көзбен көріп, қазылық жасауға арнайы келді. Олар Ұлытау даласының ұлт тарихындағы орнына тоқталып, төгілте күй шертіп берді.

Ұлытау даласын дүбірге бөлеген «Ақсақ құлан» Кетбұқа би атындағы ІІ халықаралық күйшілер конкурсында жұртшылық ән мен күйге, өлең-жырға қарық болды. Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театры сахнасында өткен күй тартысына еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 20 күйші қатысты. Қытай елінен келген Тойбол Жемісұлы өзі өмір сүріп жатқан  өлкеде де қазақилықты сақтап, домбыраны шертіп тұратындығын жеткізді. Ұлытау аспанын күймен тербеген өнерпаздардың өнеріне әділ баға беру де оңай болмағаны анық. Қазылар алқасының төрағасы Жанғали Жүзбайдың сөзімен айтқанда, қазақтың қобызымен де, сыбызғысымен де,  домбырасымен де құлаққа жеткен тарихи күйлер, аңызы бар күйлер орындалған байқау өте күрделі байқау болды. Күйшілер тартысы екі бөлімнен тұрды. Түске дейін бірінші кезеңде іріктелген жүйріктердің жүйрігі екінші бөлімде анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйақылар берілді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024
Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру