Еңбек — адамның экономикалық дербестігі мен қоғамдағы белсенділігінің маңызды негіздерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын таниды және оған кепілдік береді.
Бұл норма адамның өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес кәсіби бағыт таңдауына, еңбек нарығында өз орнын табуына және кәсіби дамуына конституциялық негіз қалыптастырады.
Еңбек құқығы тек жұмысқа орналасумен шектелмейді. Ол адамның кәсіби таңдауын құрметтеуді, еңбек саласындағы құқықтарын қорғауды және заңда белгіленген кепілдіктерді қамтамасыз етуді қамтиды.
📍 Ұлытау облысында жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар беру, жастардың еңбек нарығына бейімделуі және жаңа дағдыларды меңгеруі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі.
Конституциядағы еңбек бостандығы — әр адамның өз болашағын қалыптастыруына берілген маңызды мүмкіндік.

