Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Көлігімен адам қаққан

14.04.2023
- Қылмыс пен жаза
0
Көлігімен адам қаққан
73
БӨЛІСТІ
204
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

23 жастағы Никита сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарына сәйкес қылмысқа оқталу және адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату әрекеттері бойынша тартылған еді. Никитаға қатысты бұл қылмыстық істі қарау барысында мемлекеттік айыпталушы бұл айыптауларды ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігіне, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге ауыстырды.

 Никита күздің сол түні сағат 21:35 шамасында азық-түлік дүкенінің бірінен шығып келе жатып, кіреберісте жолдастарымен сөйлесіп тұрған жәбірленуші Евгениймен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сосын оларға кіріп-шығып жатқан сатып алушылардың жолында тұрып алып, қолайсыздық тудырып тұрғандықтарына ескерту жасайды. Оның бұл ренішіне Евгений шамданып қалып, оған өз жөніңді біл деген тұрғыда жауап қатады. Бір-біріне алакөздене, қабақ шыта қараған екеудің өзара тіл қатысулары бар болғаны осы ғана. Осы бір сәл ғана қақтығыс екеуінің арасындағы өшпенділіктің тұтануына түрткі болған екен. Түкке тұрғысыз көзалартушылық Никитаны қылмыстық әрекетке баруына итермелепті.

Бұл мезетте Никитаның зайыбы дүкен алдындағы тұрақта тұрған автомашинаның ішінде отырған. Келіншек көліктің алдыңғы терезесінен күйеуінің әлдебіреулермен жүз шайысып қалғанын байқаған-ды. Ол алдыңғы жолаушы отырған жақтағы есігін ашып, «Жайшылық па? Бәрі дұрыс па?» – деп сұрайды. Евгений автокөлігіне беттеп бара жатқан Никитаны дүкен алдында көзімен артынан ұзатып тұрған еді. Ерлі-зайыптылар өзі жаққа қарап, бірдеңе айтқандай болып көрінген еді оған. Сол-ақ екен ол мән-жайды анықтау үшін оларға қарай бет алады.

Сағат 22:40-та Никита автокөлігін от алдырып жатып, өздеріне қарай беттеген Евгенийді көзі шалып қалып, мұның тегін емес екенін болжайды. Жаңа бір әзірдегі екеуінің арасында туындаған дүрдараздықтың салқынын сезгендей болады. Оның өздеріне қарай жайдан-жай келе жатпағандығы Никитаның ашуын оятады. Сол-ақ екен бойын оған деген өшпенділік кернейді. Іштей қылмыстық әрекетке бекіп, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге бел буады. Сол оймен Никита көлігін Евгений жаққа бұрып, тікелей оған қарай жылдамдата қозғайды. Сөйтіп жәбірленушіні оң жақтағы алдыңғы доңғалағымен оң аяғынан жанай қағады. Соққыдан ол шалқасынан түседі. Никита көлігін тоқтатпастан артқы оң жақтағы доңғалағымен оны басып өтеді. Тиісті медициналық сараптама автокөліктің қағуы мен басуы салдарынан Евгенийдің түрлі ауыр дене жарақатын алғандығы жөнінде қорытынды берді. Жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген Никита алды-артына қарамастан оқиға болған жерден автокөлігімен бой тасалайды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қанына тартқан ұл

Қанына тартқан ұл

27.06.2025
Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Ауыр және аса ауыр қылмыстар

20.06.2025

Сот Никитаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, бұл қылмыс бойынша жаза тұрғысында 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім етті. Сондай-ақ жазаны өтеудің толық мерзімі бойы жылына 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді.

Сотталушы Никитаға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі ескеріліп, дәл сол мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстырылатындығы ескертілді.

Сонымен қатар Никитаға тиесілі «Фольксваген Пассат б4» маркалы автомашина жәбірленуші Евгенийге дене жарақатын салған реттегі қылмыстық әрекетті жасаған қару (құрал) тұрғысында мемлекет кірісіне алынды.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру