«Қазақстан балалары» атты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған тұжырымда аясында мамыр айының 22 – 1 маусым аралығында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында іс-шара апталығы ұйымдастырылды.
Арналған іс-шараларды өткізу тұжырымдамасының негізгі идеясы –әрбір баланың үніне құлақ асатын, қорғалғанын және қажеттілігін сезіндіре алатын ортаны қалыптастыру. Бұл мереке – ұлттың бүгіні мен ертеңінің негізі саналатын балалардың жарқын болашағына деген сенімнің айқын көрінісі.
Апталықтың алғашқы күні «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» шарасы аясында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты квест-ойын өткізілді. Бұл іс-шараға № 6 «Балауса» бөбекжайының тәрбиешісі Анар Дарипбаева «Даярлық тобының» бүлдіршіндері қатысуымен өтті. Бүлдіршіндер кітапханашы аниматорлармен бірлесіп әртүрлі қызықты ойындар ойнап, би билеп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Кітапхана № 1 орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Оразбек Айша мен Оразбек Көзайымның орындауында «Анашым – ана жаным», «Бақыт» өлеңдерінен шашу шашты. Кеш соңында кішкентай оқырмандарға арналып «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
23 мамыр «Полиция – балалардың қорғаны» аясында, осыған орай Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Бала құқығы – асыл қазына» атты жұлдызды сағат, «Бала құқығы – басты құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі Аманжол Каримов, Жергілікті полиция қызметі, Құқық бұзушылық учаскелік полиция майоры Әділхан Байғазиев, Сәтбаев атындағы № 7 мектеп лицейінің мұғалімі Гүлмира Бектасова және 5-сынып оқушылары қатыстып, құқық қызметкерлері мен оқушылар арасында ойын, «Бала құқығының конвенциясы» түрінде сұрақтарға жауап берілді. Іс-шара соңында «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалып, нәтижесінде 5 оқырман кітапханаға жазылуға қызығушылық танытты
Тұжырымдаманың «Балалардың сенімді дәрігері» тақырыбы аясында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» open air (таза ауадағы) іс-шара кітапхана ауласында ұйымдастырылды. Іс-шара балаларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіріп, қимыл-қозғалыс арқылы дене шынықтыруды насихаттап, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу негіз болды. Шара қонақтары «Жезденсаулық» ЖШС дәрігері Диёра Сояркулова, «Ұшқын» бөбекжайының медбибісі Бекзат Оразбаева кітапхана оқырмандарын мерекемен құттықтап, бала денсаулығы туралы ақпаратпен бөлісті.
Кітапханашылар оқырмандар арасында командаларға бөліп, қызықты ойындар ойнатты. «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» кітап көрмесі ұйымдастырылып, денсаулық жайлы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Тұжырымдаманың «Балалар үні» тақырыбы аясында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында шығармашылық іс-шарасы өтті.
Іс-шарамыздың қонағы Қаныш Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбөпе Молдабай кітапхана оқырмандарына тоқыма өнерін көрсетсе, республикалық байқаудың Бас жүлдегері № 4 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Аружан Әбдікәрімқызы мен № 1 жалпы білім беретін мектебінің 1-сынып оқушысы Жансұлу Хамит өз шығармашылық туындыларын насихаттады.
Шара соңында «Жас талант – жарқын келешек» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Іс-шарада кітапхана қонақтары мен оқырмандарының келесі концерттік бағдарламасына ұласты.
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының «Кибер тұмар» тақырыбы аясында «Жанды кітаптар сөйлейді» 3D, 4D кітаптарды «Big dream», «Devar» қосымшалары арқылы жандандырып, таныстырылымы ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары-
на таныстырылымды автоматтандыру бөлімінің басшысы Мақпал Жүнісова көрсетті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара Қаныш Сәтбаев атындағы алаңда «Оқысаңыз балалар…» атты ашық аспан астындағы кітапхананың балаларға арналған кітап көрмесімен жалғасын тапты. Кітапханашылар балалар назарына әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған қызықты, танымдық және түрлі форматта кітаптар ұсынып, викториналық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырды. Мереке күні жиналған балалар мен ата-аналар кітаптармен қызығушылық танытып, кітапханаға келетіндерін жеткізді.
Кішкентай балаларға шара соңында тәттілер таратылды. Бір сөзбен айтқанда, облыстық әмбебап кітапхананың 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арнаған тартуы мол болды.
Ғалия Ғазизова,
кітапханалардың ісін дамыту және ұйымдастыру бөлімінің басшысы.