Жастар одағы Қарсақбай кентіндегі металлургиялық зауыттың еңбеккерлері мен зейнеткерлеріне соңғы жылдарда басылып шыққан рухани қазына – кітаптарды тарту етті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – зауыт еңбеккерлерін кітап оқуға ынталандырып, тың туындылармен таныстыру. Зауыт еңбеккерлеріне «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігімен шыққан «Ұлы дала тарихы» кітабымен қатар, «Құрыш тұлға», «Дәридай», «Кенесары хан» туындылары сыйға берілді. Өндіріс ошағының еңбеккерлері «Jastar Bolashaq» Жастар одағының рухани қазына көзіне деген ынтаны оятудағы жастардың ықыласына алғыстарын жаудырды.
– Замандастарымның бұл бастамасы қазіргі кітапқа деген қызығушылық бәсеңдеп тұрған шақта дер кезінде қолға алынған деп топшылаймыз. Жұмыстан қол босаған сәтте бір мезгіл кітап оқып, рухани тұрғыдан азық алу аса маңызды. Сондықтан біз – зауыт еңбеккерлері Жастар одағының бұл бағыттағы шаруасына шын көңілден ризамыз, – дейді Қарсақбай металлургиялық зауытының еңбеккері Нұржан Алтай.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.