Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласында болып, бірқатар проблемалық нысандарды аралады.
Әкім барған алғаш нысан – «Кенші даңқы» монументі. 2012 жылы кеншілердің құрметіне арнайы ашылған. Қаланың басты символына айналған бұл монументтің кейінгі жылдары күтімі нашарлап кетті. Бұған, әрине, көше бұзақыларының да қосқан үлесі жоқ емес. Сондай-ақ, өз уақтысында жіберілген сапасыздық та сыр берді. Соңғы реет алаңда жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген.
Биыл Сәтбаев шаһары қала мәртебесін иеленгеніне 50 жыл толғанын тойлайды. Қазір әртүрлі деңгейде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Шапағат Әубәкір сол мерейтой аясында «Кенші даңқы» монументінің маңын «Қазақмыс» басшылығы қайтадан жөндеп, абаттандырып беруге уәде еткенін айтады. Өңір басшысы аялдаған келесі нысан – «Тағзым» мемориалдық кешені. Ол 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай ашылған. Бұл жердің де жөндеу жұмыстарын көрмегеніне біршама уақыт болған. Аталған орында 20 тамызға дейін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жолға қойылған.
Нысанға арнайы барған облыс әкімі жұмысты уақытылы аяқтап, жаңартылған кешенді тапсырыс берушіге мерзімінде өткізуді қадағалау керектігін айтты. Одан әрі әкім Тәуелсіздік көшесі 15/1 мекенжайында салынып жатқан 4 қабатты 56 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы облыс әкіміне ақпарат беріп, белгіленген кестеден ауытқушылық жоқ екенін айтты.
Бас мердігер «АстанаПремиумСтрой». Аяқталу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы. Үйдің өзінің арнайы автотұрағы мен балалар ойын алаңы да болады.
Берік Әбдіғалиұлы Ерденкөшесі 225-үй мекенжайының ауласына да атбасын бұрды. Аталған орында балаларға арналған ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілуде. Қала бойынша биыл 20 жаңа ойын алаңы орнатылып, 50-і қайта жөндеуден өтеді. Өңір басшысы Сәтбаев қаласының әкімдігіне қолға алынған балалар алаңында жарықтандырудың және ата-аналарға арналған орындықтардың болуы міндетті екенін айтты.
Әкім барған соңғы нысан – қалалық автотұрақ. Кеншілер қаласының әкім іШапағат Әубәкір автотұрақтың жайын баяндады. Қаланың кіреберісінде орын тепкен бұл тұраққа аббаттандыру жұмыстары керек-ақ. Себебі, қаланың келбетін айшықтап тұратын дәл осы жер.
Облыс басшысынысанның жан-жағын абаттандыру, жарықтандыруға байланысты эскиз әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, аталған нысанда тұрғындардың игілігіне қажетті жағдай болуы қажжет екенін жеткізді.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.