Қазақмыстың құрамындағы Қарағанды өндірістік аймағында орналасқан «Нұрқазған» кеніші кен өндіру жоспарын жыл сайын ұлғайтумен қатар, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын жүзеге асыруда көш басында.
Жылына 4 млн тонна кен өндіретін кеніштің келешегі кемел. Ұжымды табысқа кенелтіп жүрген өндіріс озаттары «Нұрқазғанның» мерейін асырып жүр. Жақында кенішке сапарымыз барысында биылғы жылы кеншілердің төл мерекесінде екінші және үшінші «Кенші даңқы» төсбелгілерін омырауларына таққан майталмандармен жүздесудің сәті түсті.
Олардың қатарында екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісінің иегері Қанат Мұрзабаев, үшінші дәрежелі «Кенші даңқын» алғандар Жанат Сағатов, Жанболат Әубәкіров, Мергенбай Хабсаметов бар. Омырауларында салалық төсбелгі жарқыраған кен өндірісінің оғландары жайында мақаланы 3 беттен оқи аласыздар.
Суретте: Кенші күні мерекесінде кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов төсбелгі иелерін марапаттауда.