Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саясатын жүзеге асыру жолында білімі мен тәжірибесін арнап жүрген мамандар «Нұрқазған» кенішінде де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде марапатқа кенелді.
Дүниежүзілік еңбек ұйымының шешіміне сай жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталып өтілетін бұл күннің маңызы айрықша. Сондықтан «Нұрқазған» кеніші басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы бірлесіп, жыл сайын техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері мен өндірісте қауіпсіздік саласында үздік нәтижеге қол жеткізіп жүргендерге құрмет көрсету дәстүрге айналған.
Кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов еңбеккерлерді аталмыш күнмен құттықтап, кәсіподақ тарапынан марапаттар тапсырды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.