Қарағанды аймағындағы «Нұрқазған» кеніші кен өндіруде жылдық жоспарды орындау бойынша алдыңғы қатардан көрінуде. Оған корпорация басшылығының кенішке инвестиция тарту арқылы әлеуетін көтеруі де ықпал етіп отыр.
Шілде айында мұнда жаңа конвейерлік желінің құрылысы толық аяқталды. Алғашқы кен сол желі арқылы -60 деңгей жиектен «Нұрқазған» байыту фабрикасына жөнелтілуде. Оның құрылысына Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің Қарағанды шахтапроходкалау басқармасына қарасты № 27 күрделі тау-кен телімі толықтай қатысты. Қайыржан Елеусізовтің басшылығындағы телімнің еңбегі бұл құрылыста да зор.
Суретте: №27 күрделі тау-кен телімі маркшейдерінің міндетін атқарушы Тлеужан Жүнісбеков, Қарағанды шахтапроходкалау басқармасының бас маркшейдері Бекзат Шағаламов, № 27 күрделі тау-кен телімінің басшысы Қайыржан Елеусізов пен телім энергетигі Ерлан Мұқажановтың шахтаға бет алған сәті.