Жарты ғасырдан аса тарихы бар Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі «Қазақмыстың» кен орындарында үңгілеу жұмыстарымен қатар шахта құрылысын жүргізудің алыбы саналады.
Кешегі Кеңестік кезеңде аты Одаққа танылған трест ұжымының кен аршу жұмыстарының қарқыны бүгінде бәсеңдеген емес. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш өңірлеріндегі кеніштермен қатар Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің жұмысына жан бітіргенде осы трест ұжымы. Осы төңіректен тағы бір кеніштің тарихы бастау алуда. Оғанда трест сүбелі үлес қосуда. «Жайсаң» деген атау берілген жаңа кеніште трестің Қарағанды шахтапроходкалау басқармасына қарасты №26 күрделі тау-
кен телімі үңгілеу жұмыстарын сәтті бастады. Биылғы қаңтар айының жиырмасында үңгілеуге кіріскен телімнің алғашқы қадамы жаман емес. Трест бойынша тыңға түрен салудың шеберлері атанған Бөлеген Әділовтің бригадасы айналасы 20 күннің ішінде 100 қума метрді үңгілеп өткен.
«Жайсаң» кен орнына барғанымызда бізді телім басшысының орынбасары Жәнібек Келесбек күтіп алып, жаңа кеніштегі үңгілеу жұмыстарының беталысын баяндады.
– «Жайсаң» кен орны Жамбыл облысы, Шу қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. Бұл аумақ ежелден мыс кен орны ретінде белгілі болған. Энеолит дәуірінде сақтар бұл жерде мыс кенін қорытқан деген болжамдар бар. Бабына келіп, жетіп, піскен кеннің көзін ашу жұмыстарына қазіргі күні трест ұжымы сақадай сай дайындықпен кірісуде.
Кеніштің жалпы тереңдігі – 300 метр. Мұнда екі портал арқылы кен игеру жұмыстары жүзеге асуда. Біздің №26 күрделі тау-кен телімінің айлық жоспары – 150 қума метр. Кен аршуда озық тәжірибесі бар Бөлеген Әділовтің бригадасы іске кіріскен жиырма күннің ішінде көзделген міндетке жетті. Бөлеген Әділов тау-кен ісін жетік меңгерген маман. Оның бригадасында «сен тұр, мен атайын» дейтін жігіттер топтасқан. Үңгілеушілер Аманкелді Байғорин, Тоймұрат Кәлімбетов, Еркін Мұқатаев, Ардақ Әбдіраймов, Денис Савчук, Сағдат Жүніс, Бағлан Шығанбаевтың ға түрен салып, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда.
Телім басшысы Мейіржан Махатов бастаған ұжымның алға қойған міндеті ауқымды – қауіп-қатерсіз кен көзін аршып, ел ырысын еселеу. Телімдегі өндірістік үдеріс басшылық тарапынан қолдау тауыпотыр. Қазіргі таңда үңгілеу жұмыстарын «Манаматик-83» бұрғылау техникасымен жүзеге асыруда.
Шеберлер Мейіржан Саурбаев, Марғұлан Өтеубаев, Мұхамедәлі Байтанатов жұмыстарды ұйымдастыру, ұжымды бір арнаға тоғыстырып, өндірістік ахуалды бақылауда іскерліктерін танытуда.
– «Жайсаң» кен орнының келешегі кемел. Мұның болжамдык ен қоры 30 жылға жетеді деп межеленген. №26 күрделі тау-кен телімінің ұжымы «Жайсаңның» кен жүлгесін ашуға кіріскен сәттен бастап, табысқа жетуді көздеді, – дейді Жәнібек Бақытбекұлы.
Бүгінде трест бойынша даңқы шығып тұрған Бөлеген Әділов – тыңға түрен салудың шебері. Үңгілеушілер бригадирі алғашқы еңбек жолын 2000 жылы «Батыс» кенішінің №55 шахтасында бастаған. Осында жүріп Бөлеген Сағындықұлы Төлеген Наурызбаевтың мектебінде шыңдалды. 2008 жылы трестке ауысып келіп, бригада басқарды. Әділовтің бригадасы бұған дейін «Нұрқазған», «Абыз» кеніштерінде шахта ашып, іске қосты. «Шатыркөлде» 5,6 порталдың ашылуында да осы бригаданың үлес салмағы басым.
– Мен жетекшілік жасайтын бригадада 9 адам еңбек етеді. Жұмыске шенді үңгілеуге негізделген. Басшылық белгілеген жоспарды орындауда алдыңғы қатарда келеміз.
Он екі жылдан асты осы бригадаға жетекшілік жасап келемін. Жігіттердің қандай қиын сәттер болсада сүрінген сәті жоқ. Бұл біздің біртұтастығымызбен өз кәсібімізге деген адалдықты білдірсе керек. Біздің басты міндет – өндірістегі жоспарды орындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау. Жоспарды дер кезінде орындап, басқа бригадалармен тең келеді. Ұжымтату. Ең бастысы қайғылы оқиға, төтенше жағдайлар орыналған емес. Трест басшылығы өндіріске қажетті техникамен қамтуда үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жаңада нқатарға қосылған «Жайсаң» кен орнындағы үңгілеу жұмыстары ұйымшылдықпен басталды. 150 қума метр жүру межесін ай сайын жүз пайыз орындауға бригаданың әлеуеті жеткілікті, – дейді Бөлеген Әділов.
Өндіріс озаты, шебер ұйымдастырушы әрібілікті бригадир Бөлеген Әділов Балқаш қаласы Ақшатау кентінің тумасы. Жастайынан кенші болуды мұрат тұтқан оның омырауында бүгінде үшінші және екінші «Кенші даңқы» төс белгісі жарқырайды. Бөлеген Әділов шалғайдағы еңбек ұжымының абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп келеді.
Әділов бригадасының озат бұрғылаушысының бірі – Аманкелді Байғорин. Оның кен өндірісінде 17 жыл еңбек өтілі бар. Трестке 2005 жылы жұмысқа орналасып, №73 шахтадағы күрделі тау-кен телімінде қарапайым жұмысшыдан бастап, үңгілеушіге дейін жеткен Аманкелді Байғорин содан бері еңбек көрігін қыздыруда. Слава Вальтердің мектебінде шыңдалған Аманкелді Анненск шахтасында 2006-2008 жылдар аралығында еңбек етіп, кейіннен «Нұрқазған», «Абыз», «Шатыркөл» кен орындарына шуға сүбелі үлес қосты.
«Нұрқазған» кенішіне келген 2008 жылдан бері Бөлеген Әділовтің бригадасында өндірістік жоспарды ең серуде көшбасынан табылып келеді.«Жайсаң» кен орынынашуда да Аманкелді Байғорин тәжірибесімен біліктілігіне арқа сүйеуде.
– Кен өндіруісіне араласқан он жеті жыл ішінде түрлі құрылымдарда еңбек еттім. Қазіргі күні Бөлеген Әділовтің бригадасында ортақ іске үлес қосудамын. Ұжымымыз өте тату-тәтті. Жоспарды орындауда кемшін тартқан тұстар жоқ. Үңгілеу өндірістің «жүрегі» болғандықтан бастысы – қауіпсіздікті ұстана отырып, берілген жоспарды орындадуамыз. Өндірістің жүгі ауыр. Деседе қиындыққа берілмей, тау қопарған толағайлардың еселі еңбегінің арқасында біз зор табысқа жетіп келеміз. Осы жылдар ішінде кен өндіру саласынан басқа салаға ауысуды мүлде ойламаппын. Қайта, әр вахтаға ерекше құлшыныспен келемін. Ізімізді басар жастар келіп жатыр, – деді кейіпкеріміз. – Қауіпсіз еңбекете отырып, табысқа жол ашу біздің басты мақсатымыз. Айлық жоспарды бригадамыз уақытылы жауып келеді. Бригаданы тұтастықта басқарып, табысқа жетелеген Бөлеген Әділовтің іскерлігінің арқасында «Жайсаң» кен орынында да табысты тасқындатарымыз сөзсіз.
Өндіріс – еліміздің экономикасының негізі. Онсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Ал, сол өндірістің тасын өрге домалатқан Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің №26 күрделі тау-кен телімінің бүгінгі қол жеткізген табысы қоғамның гүлденуіне қосылған үлес деп білеміз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.