Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұйым мүшелеріне тұңғыш рет Өзбекстан мемлекетіне саяхат ұйымдастырды.
Саяхаттың мақсаты – көрші мемлекеттің мәдениеті мен туризм саласындағы жетістіктерімен таныстыру. Бұл саяхатқа кәсіподақ ұйымы өңірлерден ынталы мүшелерді аттандырды. Самарқанд, тәшкент сынды шаһарларды аралаған жерлестеріміз бұл саяхаттан мол әсер алғандарын айтты. Солардың бірі – Жаңагүл Батырбаева.
– Қасиетті Самарқанд жеріне алғаш табан тиді. Бұл мен үшін үлкен әсер қалдырды. Тамаша табиғат, өзбек халқының мәдениеті мен туризмі бізді сүйсінтпей қоймады. Осындай кереметті көруге мүмкіндік берген «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысым шексіз. Еңбегіміздің жемісі деп білемін, – деді ол ағынан жарылып.

