Жақында Парламент үйінде (мәжіліс) Қазақстан еңбек конфедерациясының атынан Тау-кен металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының өкілдері зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды қорғау және проблемалық мәселелер бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
Сондай-ақ, Қаржы, Экономика, Төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері және көміршілер, металлургтер кәсіподақтарының бірқатар өкілдері болды.
Кеңесті Қазақстанның Халықпартиясының фракциясы ұйымдастырды. Модератор ретінде заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерлан Смайлов сөз сөйледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан бірінші вице-министр А. Сарбасов, Денсаулық сақтау министрлігінен медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Дүйсенова талған тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салды.
Кеңесауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібінің 375 мың қыз-меткерінің зейнеткерлік жасын төмендету тақырыбына арналды. Қазіргі таңда Қазақстан – жер асты жұмыстарындағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін көтерген пост кеңестік кеңістіктегі жалғыз ел. 24 жыл бойы бұл мәселе шешімін таппай келеді.
Жұмыс берушілер жоғарыда аталған санаттағы қызметкерлер үшін зейнетақы жасын төмендету жөніндегі бастаманы толық қолдайтындықтарын білдірді.
Кеңесте сондай-ақ, «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Максим Аблин өз пікірін білдірді.
Кәсіподақтар Мәжіліс депутаттарының аталған түйткілді мәселені оң шешудегі заңнамалық бастамасын қолдауға байланысты ұстанымдарын білдірді. Модератор Е.Смайлова тап өткендей, жұмыс кеңесі оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өз жұмысын тұрақтын егізде жалғастырады және қаралатын мәселелер аясын кеңейтеді.