Қарапайым еңбек адамының мәртебесін асырып, оның қоғамға қосқан үлесін ескеру мен ынталандыру мақсатында 2013 жылдан бері елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні ретінде бекітілген болатын. Осы мереке қарсаңында біз кәсібіне адалдық танытып, еңбекте табысқа кенеліп жүрген жандармен жүздескен едік.
Суретте: «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС «Жезқазғансервис» кәсіпорнының «Батыс» кенішіндегі Қазбек Баянов басшылық жасайтын № 2 сервистік телімнің бір топ еңбек озаты.