Жер қойнауын барлау шеберлері – геологтардың арқасында ондаған кеніштер ашылып, шахталар бой түзеуде.
Сала мамандарын кәсіби мерекелерінде «Нұрқазған» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен кеніш әкімшілігі ұлықтады. Кәсіподақ комитеті мен кеніш әкімшілігі бас геолог Юля Келдиева басшылық жасайтын Геологиялық бөлім қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бөлімнің сынама алушысы Қуандық Итаяқов, есеп жөніндегі инженер Нұргүл Адивхан «КәсіпҚорған» кәсіподағы Қарағанды филиалының төрағасы Мадияр Қалиевтің Құрмет грамотасына ие болды. Бөлімнің қызметкерлеріне алғысын білдірген кеніш директоры МұқанҮңгітбаев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов табыс тайқазанының ортаймауына үлес қоса берулеріне тілектестіктерін білдірді.
– Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында кен байлығына жол ашылады. Сондықтан да геолог мамандығы баршамыз үшін құрметті мамандық. Ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді кеніш директоры Мұқан Жалғасұлы.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.