Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Жылу , су һәм денсаулық фракция отырысының өзегі болды

14.06.2024
- Аймақ мәселесі
0
Жылу , су һәм денсаулық фракция отырысының өзегі болды
95
БӨЛІСТІ
264
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысовтың қатысуымен облыстық мәслихаттағы «Аманат» фракциясының отырысы өтті. Күн тәртібінде жылу маусымына дайындық, денсаулық және өрт қауіпсіздігі басты тақырып болды.

Фракция жұмысына басқарма басшылары, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының барлық деңгейдегі атқарушы хатшылары қатысты. Отырысты фракция жетекшісі Светлана Жумкина ашып жүргізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

– Жылу орталығында 8 қазандық бар.  Біз биылғы қыстан 6 қазандықпен шықтық. Ақпан айында 6-шы қазандық қосылды. Соның арқасында жылу беруде іркіліс болмады. Биылғы мақсатымыз алдағы жылу маусымында 2 қазандықты күрделі жөндеуден өткізіп, 5 пен 7 және 8-қазандықты толығымен іске қосу. Жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Қаражат бәрі бекітілген, – деді орынбасар өз сөзінде.

Дегенмен, алаңдаушылық та бар. Басты себеп – 5-қазандыққа жөндеу жұмысы наурыз айында басталу керек болатын. Алайда әлі басталмаған.

Отырыста күн тәртібіндегі мәселеге орай басқарма басшылары өз салалары бойынша ақпараттар ұсынды. 2024 жылы 337,8 шақырым сумен жабдықтау және кәріз  желілерін салуға, сондай-ақ реконструкциялауда 18 жоба іске асуда.

Алқалы жиында дала өрті мен құрғақшылықтың алдын алу шаралары да сөз болды. Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Ахметбеков өз есебінде өңірде ағаш отырғызу жұмыстары аяқталғанын, орман шаруашылығына жаңа техникалар және өрт сөндіру кезінде адам тасымалдауға «ГАЗель» шағын автобусының сатып алынғанын тілге тиек етті.

Ал, денсаулық сақтау басқармасының басшысы медициналық мекемелердің жай-күйіне тоқталды. Сондай-ақ, 2024 жылы нәрестелердің шетінеуінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы облыста 2024 – 2025 жылдарға арналған жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмекті одан әрі жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілген. Ана мен бала өлімінің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың ведомствоаралық жоспары негізіндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізіледі.

Баяндамалардан кейін, депутаттар зум платформасы арқылы өзекті деген сұрақтарды қойып, жауаптар берілді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру