«Қазақмыс» корпорациясының өндірістік өңірлердегі еңбеккерлерін ынталандырып, кен өндіру, байыту, металлургия және тағы да басқа қосалқы құрылымдарда өндірістің өркендеуіне үлес қосып жүргендерді марапаттауда «JastarBolashaq» Жастар одағы үлкен бастаманы жалғастырып келеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағының төрағасы Луиза Мыңбаева өткен жылды табысты қорытындылап, жетістікке жеткен бірқатар озаттарға жастар ұйымының атынан ықылас білдірді. Олардың қатарында «Жомарт» кенішінің үңгілеушісі Ерболат Байарыстанов Жастар одағы тағайындаған «Қазақстанның Еңбек Ері» Тұрсынбек Макишев атындағы сыйақымен марапатталса, аталмыш кеніштің кен ұсақтаушысы Әлімжан Саринов «Даңқты жастар» төсбелгісін омырауына тақты. «Жомарт» кенішінің жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрслесарь Нұрлан Кәрімов Құрмет грамотасына ие болды.
Марапат иелерін құттықтаған Луиза Әбдірахманқызы өндіріс озаттарына алғысын білдіріп, биылғы жылда да табыстың тайқазанын тасыта беруге тілектестігін білдірді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.