«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған өңіріндегі негізгі және қосалқы құрылымдардың еңбеккерлері арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиада шеңберінде жүзуден турнир жеңімпаздары анықталды.
«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйытқы болған турнир үздіктерді анықтады.
Турнирдің негізгі мақсаты – спорттың осы түріне бейімділерді шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау. Корпорацияның құрылымдарындағы еңбеккерлердің белсенділігін арттыра отырып, оларды ынталандыруда жүзу жарысының да ықпалы мол болғаны сөзсіз.
Сонымен турнир қорытындысында әйелдер қауымы арасында 25 метрге жүзуден бірінші орынды «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалынан Айгерім Назымбетова жеңіп алса, жылу, энерегтика кәсіпорнынан Анастаия Ан екінші орынды еншіледі. Үшінші орынның жүлдесі тау-кен жобалау институтынан Талшын Құдайбергенге бұйырды.
Ерлер арасында 50 метрге жүзуден электр желілері кәсіпорнының еңбеккері Николай Задоин бірінші орынды қанжығасына байласа, «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нен Николай Барбу екінші орынға, Айдос Нығмет үшінші орынға табан тіреді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.