Балқаш өндірістік алаңында жылы аялдамалар ашылды. Бұдан бірнеше жыл бұрын, сол кезде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры қызметін атқарып тұрған Нұрахмет Нұриев жазғы кезеңде салқындату және қысқы кезеңде жылыту жүйесімен жабдықталған заманауи үлгідегі аялдама павильондарын салу жобасының бастамашысы болған еді.
Бұл жоба бірнеше жыл әзірленді, содан кейін осы тамаша бастаманы, «Смэлтингтің» қазіргі басшысы Жәнібек Байғабелов жүзеге асыруды қолға алды. Қазіргі уақытта «қыс – жаз» үлгісіндегі екі аялдама орнатылды. Павильондардың бірі – Балқаш мыс балқыту зауытымен орталық өту аймағында, екіншісі мырыш зауытының өту жолына қарама-қарсы орналасқан.
Қысқы уақытта қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін, аялдама павильондары электр конвекторларымен және калориферлермен жабдықталған. Жазда аялдамалар кондиционерлермен салқындатылады. Сондай-ақ, павильондарда ұялы телефондар мен басқа да гаджеттердің қуаттағыштарын қосу үшін жағдайлар қарастырылған. Ашық және жабық күту залы бар.
Бұл жоба «Қазақмыс» кәсіпорындары қызметкерлерінің жайлы жағдайларын бұрынғыдан да жақсарту үшін бағытталған. Екі павильонды дайындау және монтаждау шығындары компания қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.