Шалғайда болса да Жезқазғанның маңдайына біткен, кен қорына бай «Жомарт» кенішінің ұжымы Ұлыстың ұлы күнін екі жылдан соң сән-салтанатымен тойлады.
Әрбір жұмыскердің бабын тауып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында кеніштегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Манас Қоштаев вахтадағы еңбеккерлерге сый-сияпат жасады. Мерекеде еңбек ұжымының көңілін аулаған төрағаның бұл шаруасына көңіл шат. Еңбекерлерді кәсіподақ осылайша бір қуантса, Сәтбаев қаласында аталып өткен мейрамда «Жомарт» кенішінің киізүйі бірінші орынды жеңіп алды. Киізүйге арнайы келген ақсақалдар, соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров төрге Құран кітап пен ұлы академик Қаныш Имантайұлының портретін қойып, ұлықтаған кеніш ұжымына алғысын білдірді.
Мерекеде «Жомарт» кенішінде осындай жарқын істер орыналды. Бұл біздің ұжым үшін зор қуаныш.
Бекзат Үмбетов, кеніш жұмысшысы.