Бұл қылмыс әлеуметтік қызметкерлер мен тәртіп сақшылары жүргізген рейд кезінде анықталды.
Балаларды қамқорлығына алған әйел қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ал, 5 жылға жуық зәбір көрген балалар уақытша қолдау орталығына орналастырылды. Оларға арнайы мамандар психологиялық жәрдем беріп жатыр.
Осы жағдайдан соң өңірде патронаттық тәрбиеге берілген балалардың әлеуметтік жағдайын бақылау күшейді. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда қоңырау қабылдайтын арнайы жедел желі іске қосылды.
Зәбір көрген балаларды оңалту мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Жалпы, облыста ата-ана қамқорлығынан айырылған 235 бала бар. Оның 25-і патронатты тәрбиеге берілген.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.