Жексенбі, 7 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғанда Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановты еске алу турнирі аяқталды

12.05.2026
- Жаңалықтар
0
Жезқазғанда Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановты еске алу турнирі аяқталды
69
БӨЛІСТІ
192
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, III дәрежелі “Айбын” орденінің иегері Айбат Амановты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан І Республикалық турнир аяқталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік бокс шеберлері үш күн бойы 15 салмақ дәрежесінде қолғап түйістірді.

Ұлытау бокс федерациясы төрешілер алқасының төрағасы, Халықаралық санаттағы судья Сайлау Жұрыновтың айтуынша, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткен турнир болашақта дәстүрге айналмақ.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Ұлытау облысының боксшылары жеңіп алды. Екінші орынды Абай облысының спортшылары, ал үшінші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді.

Әр түрлі салмақ дәрежесінде ерлер арасында Мадияр Закенов (50 кг), Нұрасыл Оңғарбай (55 кг), Ерасыл Аманғалиев (60 кг), Ердәулет Сайт (65 кг), Санжар Серікжан (70 кг), Нұрасыл Дахбай (75 кг), Данияр Океинов (80 кг) және Никита Касторнов (90 кг) жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында алтын медальдарды Айбегім Қажымұхан (51 кг), Гүлнар Тұрапбай (54 кг), Айдана Забынбекова (57 кг), Камила Қайнарбаева (60 кг), Әсем Таңатар (65 кг) және Роксолана Валиева (70 кг) жеңіп алды.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және жекпе-жектің әсерлі болғанын атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Үздік боксшыларды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы, “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өкілі Қуаныш Қожахметов, сондай-ақ Айбат Амановтың ата-анасы Ербол Аманұлы мен Гүлназ Әлкенқызы марапаттады.

Ерлер арасында ең техникалық боксшы деп Нұрасыл Оңғарбай (55 кг), ал әйелдер арасында Айдана Забынбекова (57 кг) танылды. “Жеңіске деген ерік-жігері үшін” арнайы жүлделері Ернар Қарап (50 кг) пен Диана Серікбаеваға (51 кг) бұйырды.

Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар алдағы жылдары жарысты халықаралық деңгейге шығаруға ниетті екендіктерін хабарлады.

Айта кетейік, Айбат Аманов Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Жас кезінен бокспен айналысып, бірнеше рет облыстық және республикалық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері атанған, облыс құрамасының құрамында өнер көрсеткен. Әскери антына ақтық демі қалғанша адалдық танытқан ержүрек ұландық жауынгерді еске алуды бүгінде оның әріптестері, жерлестері және елдің спорт қауымдастығы азаматтық міндет санайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Айбат Аманов қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі “Айбын” орденімен наградталған.

Бөлісу28Твитерге17

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру