Сәрсенбі, 25 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Жезқазған – Қызылорда – 50 млрд. Жезқазған – Қарағанды – 20 млрд.

Бюджет– 2024

22.12.2023
- Аймақ мәселесі
0
Жезқазған – Қызылорда – 50 млрд.  Жезқазған – Қарағанды – 20 млрд.
97
БӨЛІСТІ
270
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Келер жылы облыс аумағындағы жол құрылысына осынша қаржы бөлінді. Бұл жайында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының 2024 жылға арналған бюджет жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.

– Осыған дейін де атап өткеніміздей, 2024 жылы облыстық, қала және ауданішілік жолдардың мәселесін шешуді қолға аламыз. Сол мақсатта Арқалық бағытындағы қосымша 27 шақырымды қосқанда 17 млрд қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ҚР Көлік министрлігі тарапынан облыс аумағында құрылысы басталатын Жезқазған – Қызылорда жолына 50, ал Жезқазған – Қарағанды бағытындағы жол құрылысын бастауға 20 млрд теңге қаражат бөлінеді, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Жалпы, келесі жылы өңірдің қаражат қоры – 140 млрдты құрамақ, оның 55%-ы әлеуметтік салаға бағытталды. Ол үшін 75 миллиард теңге қарастырылып отыр. Жиында айтылғандай, бюджет қаржысының 57 млрд теңгесі білім саласына, 8.3 млрд теңгесі денсаулық сақтау саласына бөлінді. Қалған қаражат мәдениет, спорт, жастар саясаты және басқа да салаларға жұмсалатын болады.

Сондай-ақ, Берік Әбдіғалиұлы ауыл шаруашылығы саласына 2023 жылға қарағанда екі есе көп қаржы бөлініп жатқанын хабарлады. Былтыр 6.5 миллиард болса, биыл қарастырылып отырған сома республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиені қосқанда 12.5. млрдты құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз

Тасқынға – тосқын

Тасқынға – тосқын

21.02.2025
Экологиялық сараптама аяқталды

Экологиялық сараптама аяқталды

08.11.2024

Облыс әкімі 2023 жылы жылу, су құбырларын ауыстыру, жөндеу бойынша жұмыстардың қолға алынғанын және оның негізгілері келесі жылы аяқталатынын жеткізді. Атап айтар болсақ, Жезқазған қаласын таза, сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын тиісті межесіне жеткізу үшін 6.5 млрд теңге бөлініп отыр. Осылайша, 2025 жылы ауыз су мәселесін толық шешілу жоспары тұр.

Өңір басшысы Жезқазғандағы инфрақұрылымды ілгерілету мақсатында республикадан қосымша қаражатқа сұраныс дайындалып жатқанын да атап өтті.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу39Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру