Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
- Мерей
0
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән
104
БӨЛІСТІ
290
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ескендір Хасанғалиевтың «Бозторғайым» атты бір әуезді әні бар. Әнші Саят Медеуов бұрын жиі орындап жүретін. Осы әннің Жезқазғанға қатысты тарихын біреу білсе, біреу білмес. Қазір ғаламторда нешетүрлі ақпарат өріп жүреді ғой. Ішінде ақиқаттан алшақтары да кездесіп қалады. Бір жазбада осы біз әңгімемізге арқау етіп отырған «Бозторғайымның» әні мен сөзі Ескендір Хасанғалиевтікі деп көрсетіпті, келесі бір материалда авторы Инкар-Алмас Кішкенбаев деп бір-ақ ұрыпты. Жезқазғанның 70 жылдығы қарсаңында қаланың мәдени өмірімен өзектес жағдайда туған ән туралы ақиқатын айтайық деп қолға қалам алдық.

Жезқазғанның 1973 жылы өз алдына отау тігіп, облысқа айналуы рухани-мәдени саланың жұмыстарына да оң серпін бергені белгілі. Обкомның үшінші хатшысы Жылқыбай Аралбаевтың тікелей қолға алуымен 1974 жылдың қарсаңында жаңа облыстың «Ұлытау» ән-би ансамблін құру жөніндегі шаралар қызу қолға алынады. Алматыдан білікті музыка мен өнердің мамандары шақыртылады. Осыған байланысты арнайы келген Ескендір Хасанғалиев пен Бәкір Тәжібаев екі айға жуық «Жезқазған» қонақүйінде тұрып, жас өнерпаздармен жұмыс істейді. Ақын мен композитор «Ұлытау» ансамблінің репертуарына арнап жаңа әндер жазумен айналысады. Сол кезеңдегі қыстың суық күндерінің бірінде екеуі терезеге қарап тұрып, аязға тоңғанына қарамай балкон ернеуінде дән іздеп секеңдеп жүрген торғайды көреді. Осы бір көрініс көңілге түрлі ой салады. Жұдырықтай ғана бозша құстың тірлігі ақын мен композитордың қиялын
шарықтатып, шабыт отының маздауына себеп болады.

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,

Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым! — деп жүректі тербей шырқалатын ән өмірге осылай келіпті. Бұл туралы композитор Е. Хасанғалиев кезінде Жезқазғанға келген бір сапарында айтқаны да бар.

Иә, мәтінін ақын әрі сазгер Бәкір жазған, әнін Ескендір шығарған «Бозторғайымды» ең алғаш «Ұлытау» ансамблінің әншілері бірнеше дауыста орындаған көрінеді. Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтың орындауындағы бұл ән Қазақ радиосының «Алтын қорында» жазулы. Өмірден өз орнын алған ән өшпек емес. Ал, біздің айтпағымыз, Жезқазғанда туған әннің беймәлім сырын көпшілікке жеткізе отырып мәдениет төңірегінде жүрген мамандар мен өнерпаз қауымға ой салу. Қаланың 70 жылдығына орай алуан шаралар қолға алынып жатыр, алда да ұйымдастырылмақшы. Мәселен, қала әкімдігінің мерейтой аясындағы жоспарында «Жезқазған – ғашықтар қаласы» концерт-спектаклі өткізіліп, онда Жезқазған туралы әндер қамтылмақшы екен. Міне, сол іс-шарада осы әннің тарихын айта келіп, әншілеріміздің бірі әдемі әнді
әуелетсе қандай әсерлі болар еді деп ойлаймыз.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу42Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру